• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Утилалым. Билік петиция талабын орындаудан бас тартты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
20.07.2024
Утилалым. Билік петиция талабын орындаудан бас тартты
Share on FacebookShare on Twitter

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утилизация алымына қарсы петиция талаптарын орындаудан ресми түрде бас тартты. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Бұған дейін белсенділер жеңіл көліктерге салынатын утильалым мен ауыл шаруашылығы техникасына салынатын жарнаны алып тастау және көліктерді бастапқы тіркеу жарнасын төмендету туралы петицияға қол жинаған. Оған 50 мыңнан астам адам қол қойғаннан кейін құжат мамырда үкімет қарауына берілген. Жұмыс тобының шешімі 19 шілдеде жарияланды.

“Өтінішті қарау кезінде барлық заң талаптары орындалды. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижесінде өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды”, — деді өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Министрлік петицияда көрсетілген уәждерді негізсіз ден таныған.

Онлайн-мәлімдеменің авторы белсенді Санжар Боқаев пен оның жақтастары утилалым бәсекені жойып, көлік және ауыл шаруашылығы мен арнайы техникалардың қымбаттауына әсер етіп отыр деп мәлімдеген.

«Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар өтiнiштегі дәлелдерiмен және оған келiп түскен ескертулермен келiспейтiнiн бiлдiрдi… Бастапқы тіркеу жарнасы паркті жаңартудың және ескі және экологиялық таза емес көліктердің импортын реттеудің тиімді және дұрыс механизмі. Зауыттан шыққанына екі жыл болмаған автокөліктер үшін төлем 0,25 АЕК (923 теңге) құрайды. Ол тұрғындар арасында жаңа автокөліктерді сатып алуға сұранысты ынталандыру арқылы еліміздің көлік паркін жаңартуға бағытталған» деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Петиция авторлары үкіметтен жеңіл көліктерге утилалымды 100 мың теңгеге дейін түсіруді, басқа көліктерге нөл ставка жасауды, ауыл шаруашылық техникаларға утилалымды мүлде алып тастауды талап еткен. Олардың сөзінше, утилалым салдарынан көлік бағасы қымбат болып отыр. Қазір Қазақстанда шетелден көлік алған адам 277 мың теңгеден 3 млн теңгеге дейін утилалым төлейді. Бұл төлем көліктердің қозғалтқыш күшіне байланысты есептеледі.

Қазақстанда петиция арқылы қоғам арызына құлақ асу туралы 2020 жылдан бастап айтыла бастаған. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президент ретіндегі алғашқы жолдауында «Азаматтарымыз реформаларға бас­тамашы болып, ұсыныстар беру үшін онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институтын құру қажет. Мұндай құрылым қандай да бір бұрмалау әрекеттерінен толық қорғалуға тиіс,»- деген болатын.

Келесі
Тағы да солтүстікте АН 2 ұшағы құлап, адам аман қалды

Тағы да солтүстікте АН 2 ұшағы құлап, адам аман қалды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.