• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Эверестке шыққан Анар «Әлемнің жеті шыңына» шығу бағдарламасы туралы хабарлады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
19 июля, 2024
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ұлттық-патриоттық «Kazakh Everest Team» экспедициясының қатысушыларымен кездесті. Кездесуде Эверестті бағындырған қазақстандық альпинист әйел «Әлемнің жеті шыңына» шығу бағдарламасы туралы хабарлады. Экспедиция құрамында аңызға айналған қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев, Эверестті бағындырған тұңғыш қазақстандық альпинист әйел Анар Борашева және 2024 жылғы маусымда алғашқы жеті альпинист қатарында ғаламшардың ең биік шыңына көтерілген Альмир Қымбатбайұлы бар. Кездесу Қазақстанның ұлттық құрамасын 2024 жылғы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына шығарып салу рәсімі аясында өтті.

Кездесу барысында министр ұлттық-патриоттық «Kazakh Everest Team» экспедициясының қатысушыларын ілтипат білдіре отырып қарсы алып, Эверестке көтерілуімен құттықтап, альпинизмді дамытудағы үлестері үшін Құрмет грамоталарымен марапаттап, Қазақстан туымен жаңа шыңдарды бағындыруға тілектестік білдірді.

Өз кезегінде «Kazakh Everest Team» қатысушылары министрге Эверестке көтерілу туралы баяндап, өздерінің алдағы жоспарларын айтты. Анар Борашева «Әлемнің жеті шыңы» бағдарламасы туралы айтып, оның екеуі – Азиядағы Эверест пен Африкадағы Килиманджаро сәтті бағындырылғанын хабарлады. Альпинистің айтуынша, ол биылғы тамыз айында Кавказдағы Эльбрус шыңына (5642 м) шығуды жоспарлап отыр. Қалған төрт шыңға – Аргентинадағы Аконкагуаға (6962 м), Антарктикадағы Винсонға (4892 м), Аляскадағы (АҚШ) Деналиге (6194 м) және Аустралиядағы Пунчак-Джаяға (4884 м) қазақстандық альпинист 2025 жылдың соңына дейін көтерілуді жоспарлап отыр.

Қазақстанның ұлттық құрамасын шығарып салу салтанатты рәсімі барысында Эверестке шыққан алғашқы қазақ альпинисі спортшыларға жеңіс тілеп, әр адамның өз Эвересті бар екенін атап өтті. «Егер альпинистер үшін жетістіктердің ең биік нүктесі әлемдегі ең биік тау болса, спортшылар үшін ол – Олимпиада чемпиондығы. Біздің мақсатымыз ең биік шыңға сәтті көтерілу ғана емес, сонымен қатар жаңа чемпиондар буынын шабыттандыру болды. Бүгін мен сіздерге жеңіс тілеймін және жақында Франциядағы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туын көретінімізге үміттенемін», — деді Анар Борашева.

Everest Development өкілі атап өткендей, компания өз қызметкерлерінің бастамаларын қолдауды одан әрі жалғастырады, атап айтқанда, Анар Борашеваның әлемнің жеті шыңына шығу жобасын қолдауды көздеп отыр. «Біз өз қызметкерлеріміздің армандарын кез келген бағытта қолдау қажет деп санаймыз және «Әлемнің жеті шыңы» жобасымен біз армандарды жүзеге асыруды жалғастырамыз», — деді Everest Development компаниясы директорының даму жөніндегі орынбасары Сұңқар Қарабалин министрмен кездесу барысында.

Кездесу соңында «Kazakh Everest Team» қатысушылары туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа естелік мұз шапқыш құралын табыс етті.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Утилалым. Билік петиция талабын орындаудан бас тартты

Утилалым. Билік петиция талабын орындаудан бас тартты

Соңғы жазбалар

«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025

24 сентября, 2025
Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

23 сентября, 2025
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

4 миллиард долларлық сауда. Трамп Тоқаевты құттықтады

23 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.