• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Жоғарғы сот әуежайды «басып алу» ісін қайта қарауға «негіз» таппады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
16 июля, 2024
Басты бет Әділет
Share on FacebookShare on Twitter

15 шілдеде Астанадағы Жоғарғы сотта Қаңтар оқиғасы кезінде «әуежайды басып алған» деген айыппен сотталған адамдардың кассациялық шағымын қарау бойынша алдын ала отырыс өтті. Сот істі қайта қарауға «негіз жоқ» деп тапты. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Бұл іс бойынша азаматтық белсенді Әйгерім Тілеужан, бұрынғы мұғалім Қалас Нұрпейісов, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жан-Айдар Кәрменов сотталған еді.

Әйгерім Тілеужанның адвокаты Айнара Айдарханова шешімге келіспейтінін айтты, олар сот үкімін жою үшін енді халықаралық инстанцияларға жүгінбек.

Адвокаттың айтуынша, кассациялық шағым бойынша сот отырысы әуелде 15 шілде сағат 15.00-де өтеді деп жоспарланған, алайда адвокаттарды сот залына сағат 17.30-да кіргізген, соттың өзі сағат 20.05-те басталған.

Айдарханова сотталғандарды қорғаған бес адвокатты лицензиясынан айыру туралы бірінші сатыдағы сот шығарған жеке қаулы Алматы қаласының сотына беріледі деп мәлімдеді.

Әйгерім Тілеужанның анасы Шекерхан Мырзаханова соттан кейін пікір білдіріп, шешім әділетсіз болды деді.

«Көңіл-күйім су сепкендей басылды. Жоғарғы сотта әділдік бола ма деп ойлап едім, үмітіміз ақталмады. [Әйгерім де] бір өзгеріс бола ма деп еді. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, ары қарай шағымданамыз. Әділетсіз шешім болды деп ойлаймын» деді Шекерхан Мырзаханова.

Журналист, белсенді Әйгерім Тілеужанды былтыр шілдеде сот «Қаңтар оқиғасында Алматы әуежайындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды» деген айыппен 4 жылға түрмеге қамаған. Белсенді бұл айыппен келіспейді.

Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жан-Айдар Кәрменов 8 жылға бостандығынан айырылған. Оларға «тәртіпсіздік ұйымдастырды», «ғимаратқа шабуыл жасады», «автомобиль ұрлады» және «тонады» деген айып тағылған. Бесеуі де тағылған айыпты мойындамаған.

2023 жылы қарашада апелляция алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырған.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
1 жыл 9 айдан — 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Қаңтар оқиғасы бойынша  11 адамға үкім шықты

"Президент әкімшілігі ескі элитаның қарсылығын жеңуге мәжбүр болды" 

Соңғы жазбалар

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

27 сентября, 2025

26 сентября, 2025
«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025
Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

26 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.