• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

«Орыстар туралы» ән шырқаған адамды полицияға шақырды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15 июля, 2024
Басты бет Әлеумет
Share on FacebookShare on Twitter

Алматыдағы рэп-фристайлда «Йоу, орыстар» әнін шырқаған белсенді Мария Кочневаның видеосы желіде тарап кеткеннен кейін оны Алмалы ауданының полиция басқармасына шақырды. Бұл туралы белсенді Темірлан Еңсебекке сілтеме жасап, Азаттық радиосы хабарлады.

«Маша екеуміз «Шулама» (жақында прокатқа шыққан қазақстандық фильм – ред.) рэп-баттлында соғыс жүріп жатқанын тағы бір рет бәріне еске салатын, соғысқа қарсы екенімізді көрсететін перфоманс ойлап таптық. Бұл ән Украинада соғыс басталғаннан кейін трендке айналған. Сондықтан біз сол әнді айтамыз деп шештік. Маша оны шырқауды өзі шешті», – деді Азаттыққа Темірлан Еңсебек. Кочнева орындаған әнде балағат сөздер бар.

Қазақстандық «Шулама» фильмінің желідегі парақшасында шыққан видео жарты миллион көрілім жинаған, оған мыңдаған пікір жазылған. Белсенді Еңсебектің айтуынша, онда бірде-бір теріс пікір жоқ.

Оның сөзінше, полиция Кочневаға оның видеосы «Z-пабликтерде» тараған соң ғана хабарласқан.

Мария Кочневаның Азаттыққа хабарлауынша, тергеуші оны Алмалы ауданының полиция басқармасына шақырған.

«Ол маған сол видеоны жіберді (сепаратистік телеграм-арнаға сілтеме, онда Кочневаның рэп-фристайлда ән шырқаған видеосы жарияланған). Қоғамдық резонансқа байланысты маған міндетті түрде полицияға келуді, оның басшылығымен сөйлесу керек екенін хабарлады. Өзі ештеңе шешпейтінін айтты», – деді Мария Кочнева.

Кочневаның сөзінше, полиция оны қандай статуста шақырып жатқанын айтпаған, оған «тек түсіндірме беру керек» деген. Оның айтуынша, полиция шақыру қағазын да бермеген я жібермеген.

Белсенді желідегі видеодан кейін оған және жақындарына сес көрсеткен хабарлама түсе бастағанын айтты.

«Олар мені өлтіретінін айтты, мені қорғауды сұраймын. Ол жаңалықты (видео – ред.) анама, оның таныстарына жіберген. Олар мені «рейдтер» тобына қосқан. Олар нашақорларды, ЛГБТ өкілдерін және киімінде америкалық жапсырмалары бар адамдарды тауып, ұрып-соғады», – деді Мария Кочнева. Ол Азаттыққа өзіне келген аудионы жіберді, онда «бәріне жауап бересіңдер»,»азап шегесің»,»сені, отбасыңды өлтіреміз», «тірідей көміп тастаймыз» деп қоқан-лоқы көрсеткен ер адамның даусы естіледі.

Мария Кочнева бұл бойынша полицияға арыз жазатынын айтты.

Азаттық тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметінен Кочневаны полицияға шақыруға байланысты пікір сұрады, олар «ақпаратты нақтылауға және кейін хабар беруге» уәде берді.

Мария Кочнева – азаматтық белсенді, Qushtar әйелдер құқығы қозғалысының мүшесі. Бұған дейін ол Алматыдағы бейбіт наразылық акциясына шыққан.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Жоғарғы сот әуежайды «басып алу» ісін қайта қарауға «негіз» таппады

Жоғарғы сот әуежайды "басып алу" ісін қайта қарауға "негіз" таппады

Соңғы жазбалар

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

Кейбір жастар ғаламторда неше түрлі өсек жаза бастады — Президент

27 сентября, 2025

26 сентября, 2025
«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025
Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

Қилы кезең: Жон арқадан ұрылған пышақ

26 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.