• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Трампқа оқ кезеген адамның аты-жөні жарияланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
14.07.2024
Трампқа оқ кезеген адамның аты-жөні жарияланды

Фото: t.me/ru2ch

Share on FacebookShare on Twitter

Американың New York Post басылымы дереккөздерге сүйене отырып, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа оқ атқан адамның аты-жөнін жариялады. New York Post-тің жазуынша, ол — 20 жастағы Томас Мэтью Крукс.

Дереккөздің айтуынша, Крукс Трамп сөйлеген митингіден шамамен 130 метр жерде орналасқан өнеркәсіп ғимаратының төбесінде болған. Ол оқ атып, нәтижесінде Трамп құлағынан жараланған.

Америка ақпарат құралдарының жазуынша, шабуылшы он шақты оқ атып үлгерген. Нәтижесінде бір адам қаза болып, екі адам жараланған. Мергеннің өзін полиция атып өлтірген. Оның жанынан AR винтовкасы табылған.

Құқық қорғау органдары шабуылшының оқ атуына не түрткі болғаны әзірге анықталмағанын хабарлады.

Атыс Пенсильвания штатының Батлер қаласында Дональд Трамп сайлауалды шара кезінде сөз сөйлеп жатқан шақта болған. Оқ атылғаннан кейін Трамп әуелі мінбердің астына жасырынған, ізінше оны АҚШ құпия қызметінің өкілдері қоршап, көлікке алып кеткен.

Трамп өзінің мәлімдемесінде митинг кезінде опат болған және ауыр жараланған адамдардың отбасына көңіл айтқан. Оның сөзінше, оқ оның оң құлағының үстіңгі бөлігін жанап өткен.

«Бірдеңенің дұрыс емес екенін бірден түсіндім. Ал ысылдап оқ атылған кезде оқтың терімді жанап өткенін сездім. Көп қан аға бастады, сол кезде не болып жатқанын түсіндім. Американы Құдай сақтасын!» — деді Трамп.

Трамп АҚШ-тағы президент сайлауына республикалық партия атынан қатысады. Қазіргі президент Джо Байден және басқа да америкалық саясаткерлер – демократтар мен республикашылдар Трампқа жасалған шабуылды қатаң айыптады.

Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптағаны хабарланды.

Келесі
«Орыстар туралы» ән шырқаған адамды полицияға шақырды

"Орыстар туралы" ән шырқаған адамды полицияға шақырды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.