• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мигранттар қайығы аударылды. Қазақстан азаматтарынан министрлік бейхабар

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10.07.2024
Мигранттар қайығы аударылды. Қазақстан азаматтарынан  министрлік бейхабар
Share on FacebookShare on Twitter

Кариб теңізінің Колумбия жағалауында 20 мигрант мінген қайық суға батып кеткен. Қайықта Қазақстан азаматтары да болған. Бұл туралы Voice of America («Америка дауысы») сайты AFP агенттігіне сілтеме жасап, хабарлады. Қайықта болған бір адам қаза тауып, төрт адам іс-түссіз жоғалған, 15 адам құтқарылды.

AFP ақпаратынша, құтқарылғандардың алтауы – бала. Екі бала – Қазақстаннан, үшеуі – Венесуэладан, бір баланың азаматтығы әлі анықталмады.

Ал құтқарылған ересектер арасында Қазақстан, Колумбия, Эквадор, Иран, Никарагуа, Венесуэла азаматтары бар деп хабарлады колумбиялық әскери журналистер.

Мигранттан мінген қайық Никарагуаның шығысына қарай орналасқан Сан-Андрес және Провиденсия аралының маңында суға батқан. Колумбия әскерилері әскери-теңіз флотының жедел қимыл бөлімі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады.

Мамырда Вашингтон «заңсыз мигранттардың АҚШ-қа өтуіне көмектеседі» деп Нигарагуаға санкция салған еді. Ал Колумбия билігі мигранттар АҚШ-қа бет алғанда Колумбия мен Панамадағы қауіпті джунглилерді айналып өту үшін көбіне Сан-Андрес және Никарагуа арқылы жүретінін айтады.

Кейінгі уақытта Орталық Азия елдерінен АҚШ-қа Мексика, Колумбия, Панама, Никарагуа арқылы заңсыз баратын мигранттар саны артқан. Былтыр Өзбекстаннан 17 мың адам, Қырғызстаннан 7 мың адам, Тәжікстаннан 3 мың адам, Қазақстаннан 2,7 мң адам, Түркіменстаннан екі мыңдай адам Америкаға заңсыз өткен.

Tengrinews.kz сайты осы мәселеге орай сыртқы істер министрлігіне сұрау салған. Сыртқы саясат мекемесінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтары мінген қайықтың аударылғанынан бейхабар екенін білдірді.

Келесі
Петиция халыққа, билікке не берді?

Петиция халыққа, билікке не берді?

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.