• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Инфляция мен бағаны асқындырып жатырмыз — Әшімбаевтың ашылуы

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
8 июля, 2024
Инфляция мен бағаны асқындырып жатырмыз — Әшімбаевтың ашылуы
Share on FacebookShare on Twitter

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық қорға қатысты алаңдатарлық мәселелер жайын ашық баяндады. Бұл туралы ол  «Талдау мектебінің» үшінші буыны әзірлеген Қазақстанның орнықты дамуына арналған сараптамалық жинақтың таныстырылымында Ұлттық қор ақшасын үздіксіз пайдаланудың экономикаға әсері туралы пікір білдіргенде айтқан. 

«Біз табысымыздан екі есе көп ақша жұмсаймыз. Қосымша қаражат қайдан келеді? Ұлттық қордан және борыштардан. Осы шығындардың әсерінен инфляция мен бағаны асқындырып жатырмыз. Сәйкесінше, Ұлттық банк те пайыздық мөлшерлемені көтеріп отыр. Бұл елдегі кәсіпкерлікті шектеп, экономиканың дамуын тежейді», — деді Сенат спикері.

Мәулен Әшімбаев Ұлттық қорға түскен доллардың бір бөлігін ай сайын теңге бағамын қолмен тұрақтандыру үшін валюталық интервенцияға жұмсалып отырғанын да мойындады.

«Проблеманың екінші бөлігі бар. Оның салдары тіптен салмақты болуы мүмкін. Бюджетке трансферт бөлу үшін ішкі валюта нарығына Ұлттық қордан доллар сату керек. Тағы да сұраныс пен ұсыныс заңы іске қосылады. Осылайша теңгенің бағасын қолдан өсіріп отырмыз. Бұл жаман емес шығар. Бірақ оның тиімділігі қандай? Артық бағаланған теңге деген – қымбат экспорт, арзан импорт. Яғни, біздің тауар өндірушілер Қытай мен Ресейдің, Түркияның өндірушілеріне қарағанда тиімсіз жағдайда қалады деген сөз. Бағадан ұтылып жатқандықтан ішкі өндіріс пен өнеркәсіп өспейді», — деп мойындаған сенат төрағасы.

Қазақстанда сенат төрағасы — билік сатысы жағынан қарағада мемлекеттік екінші адамы.

Келесі
Ресей Каспийден Киевті атты. 30 шақты адам қаза тауып, балалар ауруханасы қирады

Ресей Каспийден Киевті атты. 30 шақты адам қаза тауып, балалар ауруханасы қирады

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.