• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қастандықтан 14 күн өткенде. Айдос Садықов опат болды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
02.07.2024
Айдос Садықовтың операциясы. «Самайына тиген оқ миын жанап өткен»

Айдос Садықов

Share on FacebookShare on Twitter

Киевте қастандыққа ұшырап, жарты айдай жан сақтау бөлімінде жатқан қазақстандық оппозиция белсендісі, «Бәсе» Youtube-каналының негізін қалаушы журналист Айдос Садықов қайтыс болды. Бұл туралы оның әйелі Наталья Садықова хабарлады.

Садықованың айтуынша, белсенді-журналист Киев уақыты бойынша таңғы 3-те көз жұмған.

«Сүйікті күйеуім, үш баламыздың әкесі, қазақ халқының ұлы перзенті. Айдос өз өмірін Қазақстанға арнап, кісі өлтірушілердің қолынан азапты өлімге болды. Айдос 13 күн бойы жан сақтау бөлімінде өмір үшін күресті, бірақ ғажайып нәрсе болмады. Оның өлімі [Қазақстан президенті Қасым-Жомарт] Тоқаевтың мойнында» деп жазды Садықова Facebook-те.

56 жастағы Киевте тұратын қазақстандық белсенді, «Бәсе» YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовты белгісіз біреулер 18 маусымда көлігінің ішінде атып кеткен. Оқ самайына тиіп, ауруханада ота жасалған. Сол күннен бері жансақтау бөлімінде жатқан.

Көп ұзамай, Айдос Садықовқа қастандық жасады деген екі күдіктінің бірі Алтай Жақанбаев ұсталды. Бұл жөнінде Қазақстанның бас прокуратурасы хабарлаған.

22 маусымда мекеме сайтында жарияланған хабарда «21 маусымда А.М. Жақанбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды» делінген.

Күдіктінің қай жерде ұсталғаны айтылмаған. Бас прокуратура «тергеу мүддесі үшін» басқа ақпаратты жарияламайтынын ескерткен.

Сонда прокуратура екінші күдікті Мейрам Қаратаевтың «орналасқан жерін анықтау үшін» жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтқан. Қазақстан ақпарат құралдары Қаратаевтың Қостанай облысында полиция қызметкері болып жұмыс істегенін жазған. Қазақстан ішкі істер министрлігі оны 2019 жылы жұмыстан шығарғанын мәлімдеген.

21 маусымда Украина бас прокурорының кеңсесі ұлттық полиция Жақанбаев пен Қаратаевты Қазақстан билігі жайлы сыни материалдар жариялайтын «Бәсе» YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовқа қастандық жасаған күдіктілер деп атаған.

Украина қауіпсіздік күштерінің мәліметі бойынша, «белгісіз адамнан тапсырыс алған» 33 жастағы Қаратаев пен 36 жастағы Жақанбаев 2 маусымда Киевке барып, жалдамалы пәтерлерде тұрып, қылмысты жасауға дайындалған. Іс материалдары бойынша, 18 маусымда олар Киевтің Шевченко ауданындағы Садықов тұратын үй маңына барып, ол аулаға көлікпен келгенде тапаншадан оқ атқан. Бұдан соң олар оқиға орнынан кетіп, тапаншаны зообақ маңына тастағаны айтылады.

Келесі
Украина істі «тапсырыспен қасақана адам өлтіру» бабына ауыстырды

Украина істі "тапсырыспен қасақана адам өлтіру" бабына ауыстырды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.