• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан

Тағы бір қазақ компаниясы ЕО санкциясына ілікті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
25.06.2024
Санкция салдары. АҚШ Ресейге көмектескен Қазақстандағы фирмаға шара қолданды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандық DA GROUP 22 компаниясы Ресейге көмектескені үшін Еуропа Одағының (ЕО) санкциясына ілікті. Тізімде жалпы саны 61 компания бар.

Санкцияға Қырғызстан, Қытай, Түркия және БАӘ елдерінде тіркелген компаниялар іліккен. Олар Ресейге дрондарға арналған бөлшек сатып алу арқылы ресейлік әскери-өнеркәсіптік кешенді қолдаған. Сонымен қатар 116 ресейлік жеке және заңды тұлғаға қатысты шектеу енгізілді.

ЕО Ресейден сұйытылған табиғи газды Еуропа порттары арқылы тасымалдауға шектеу енгізді. ЕО кеңесінің хабарлауынша, бұл шаралар Ресейдің шикізат саудасы мен тасымалдаудан түсетін кірісін азайтуға бағытталған. Шектеулер бір кемеден екіншісіне ауыстырып тиеуді де, кемеден жағаға ауыстырып тиеуді де қамтиды. Бұл шектеулер тек ЕО арқылы үшінші елдерге қайта экспорттауға қатысты. Олар импортқа қолданылмайды.

Жаңа санкциялар пакеті ЕО компанияларын үшінші елдердегі еншілес компанияларының Ресейге қарсы шектеулерді айналып өтпеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол сондай-ақ қару сататын компанияларды Ресейге тауарларды реэкспорттау тәуекелдерін анықтайтын және бағалайтын тиісті тексеру тетіктерін енгізуді міндеттеді.

Жыл басында да DA GROUP 22 компаниясы АҚШ санкциясының астында қалған. Ашық дереккөз мәліметінде бұл компания 2022 жылы тіркелгенін көруге болады. Электронды және телекоммуникациялық жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектерін сатумен айналысады. Бірінші басшысы мен құрылтайшысы ретінде Лиля Носаева көрсетілген.

2024 жылдың ақпан айында ЕО «Ресей әскери-өнеркәсіп кешенін қолдағаны үшін» қазақстандық компанияларға қарсы санкция салған. 13-ші санкциялар пакетінде Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешенін тікелей қолдайтын 27 ұйым енгізілген. Компанияларға «сауда шектеулерін айналып өтуге қатысы бар» деген айып тағылған. 

Келесі
Желіге тараған жел сөз. Дариғаның кітап жазғаны фейк болып шықты

Желіге тараған жел сөз. Дариғаның кітап жазғаны фейк болып шықты

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.