• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Ресей полициясына «Слава Украине!» деген қазақстандық қамалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
16.06.2024
Ресей полициясына «Слава Украине!» деген қазақстандық қамалды
Share on FacebookShare on Twitter

Ресейдің Свердлов облысы Ревдинск қаласының соты Қазақстан азаматы Андрей Хохловты 13 күнге қамады. Азаттықтың хабарлауынша, Хохлов полиция бөлімінде «Слава Украине!» («Украина даңқы арта берсін!») деп айғайлағаны үшін экстремистік символиканы дәріптеді деген айыппен әкімшілік жауапқа тартылды. Осы іс бойынша сот қаулысы шыққанын «Медиазона» жазды.

Андрей Хохлов 4 маусымда көшеде балағат сөз айтқаны үшін ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ол сол жерде «қолын сермеп, «Слава Украине!» деп айғайлады» деп жазылған іс материалында.

Қоғамдық орында балағаттағаны үшін оған ұсақ бұзақылық жасағаны туралы әкімшілік хаттама толтырылып, 500 рубль айыппұл салынған. Ал екінші әкімшілік хаттама бойынша сот оны 13 күнге қамаған. Сот Хохловтың «Слава Украине!» деп айтқан сөзін «Украина ұлттық ассамблеясы – Украина халықтық өзін өзі қорғау» және «Правый сектор» экстремистік ұйымдарына тән қылық» деп тапқан.

Хохлов кінәсін мойындайтынын және ісіне өкінетінін айтқан. Ол полиция бөлімінде «Слава Украине!» деп айғайлаған кезде масаң болдым деп түсіндірген.

«Слава Украине!» деген сөз 2018 жылдан бастап Украина қарулы күштері мен Ұлттық полициясының ресми ұранына айналған. 2024 жылғы 18 қаңтарда Ресей әділет министрлігі «Украин ұлтшылдары ұйымының» белгісі мен «Слава Украине!» деген ұран сөзді қолдануға тыйым салған.

Келесі
Астана “бейбітшілік саммитіне” қатыспау уәжін айтты

Астана “бейбітшілік саммитіне” қатыспау уәжін айтты

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.