• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет «КБР-Технологияның» санкцияға ілінгенін білмейтін сыңай танытты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13 июня, 2024
Санкция салдары. АҚШ Ресейге көмектескен Қазақстандағы фирмаға шара қолданды
Share on FacebookShare on Twitter

Үкімет ел аумағында тіркелген «КБР-Технология» компаниясы АҚШ қаржы министрлігінің санкция тізіміне не үшін ілінгенін анықтауға тырысып жатыр. Азаттықтың хабарлауынша, бұл туралы бейсенбі, 13 маусымда премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтқан.

Сенатқа барған кезде журналистер сұрағына жауап берген вице-премьер үкімет экспорт пен импорт саласында тыйым салынған тауарларға «қатаң мониторинг» жүргізіп жатыр деді.

Ол «алда мұндай жағдайлар қайталанады» және ондайға үйренген жөн деп мәлімдеді. Жұманғариннің жауабын «Власть» сайты жариялады.

Вице-премьердің сөзінше, қазіргі кезде Қазақстан экспорт-импорт бақылауына жататын тізімдегі тауарды көбейткен. Оның айтуынша, «КБР-Технология» компаниясы ол тізімдегі тауарларды жеткізбеген және экспорт пен импорт лицензиясын алуға өтініш бермеген. «Оның не жеткізгенін және қай жерде заңсыздық болғанын анықтаймыз» деді Жұманғарин.

Оның айтуынша, алдағы аптада Астанаға Еуропа одағының арнайы өкілі Дэвид О’Салливан келмек, Жұманғарин онымен осы мәселелерді талқыламақ.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өздерінде «КБР-Технология» компаниясы туралы «ешқандай ақпарат жоғын» айтты.

«Бір нәрсе айтайын, ол ірі компания емес, бұдан бөлек, олар экспорт лицензиясын сұрап өтініш берген емес. Қазіргі экспорт бақылауында ол компания жоқ. Санкцияға байланысты министрлер көп іс-шара атқарып жатыр», – деді Шарлапаев.

«Информбюро» сайтының жазуынша, ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстан үкіметі санкция себептерін анықтайды деген. Ол «жанама санкциялар әсері болмайды» деп есептейді.

12 маусымда Вашингтон Мәскеуге Ақ үй енгізген шектеулерді айналып өтуге көмектескен Ресейдегі және басқа елдердегі 300 жеке тұлға мен компанияға санкция салды. Олардың арасында 2022 жылғы 13 мамырда Қазақстанның Петропавл қаласында тіркелген «КБР-Технология» фирмасы бар.

2024 жылы ақпанда журналистер осы компанияның жұмысы туралы зерттеу жариялаған. Оған сәйкес, «КБР-Технология» фирмасы ресейлік «ОСТЕК» компаниялар тобына санкцияға іліккен тауарларды жеткізуге қатысқан. «ОСТЕК» – Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенін радиокоммуникциялық жабдықтармен қамтамасыз ететін маңызды ұйымдардың бірі.

Келесі
Туризмге — кедергі. Президент жол мен инфрақұрылымның нашарлығын енді көрді

Туризмге - кедергі. Президент жол мен инфрақұрылымның нашарлығын енді көрді

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.