• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан

Ақыры Армения ҰҚШҰ-дан шығатынын жариялады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13.06.2024
Ақыры Армения ҰҚШҰ-дан шығатынын жариялады
Share on FacebookShare on Twitter

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ел парламенті – Ұлттық жиналыста Ереван Ұжымдық қауіпсіздік шарты құрамынан шығатынын айтты. Бұл жөнінде Азаттықтың Армян қызметі хабарлады.

«Бұған көпіршік-альянсты құрғандар кінәлі, оның мүшелері шарттағы міндеттемелерін орындамады, Әзербайжанмен бірігіп, бізге қарсы соғыс жоспарлады» деді Пашинян.

ҰҚШҰ-ны сынағанымен, оның құрамынан неге шықпай жүрміз деп сұраған оппозициялық партиядан сайланған депутат сауалына жауап берген Армения премьері: «Біз [ҰҚШҰ құрамынан] шығамыз, қашан екенін шешеміз. Сіздің ойыңызша келесі қадам қалай болуы керек? Біз қайта барамыз ба? Басқа жол жоқ» деп мәлімдеді.

Биыл мамырда Армения билігі ұйымға қаржы қоспайтынын мәлімдеген. 8 мамырда Армения сыртқы істер министрлігінің өкілі Ани Бадалян «Армения ҰҚШҰ-ның 2024 жылғы бюджеті жөніндегі 2023 жылғы қарашадағы шешімге қол қоюды тоқтата тұрады, сондықтан келісімге қатысушы елдердің ортақ шараларын қаржыландыруды да доғара тұрады» деген.

Бір жылдан астам уақыт бойы Армения ҰҚШҰ-ның жоғары лауазымды басшыларының жиындарына, әскери жаттығулар мен басқа да ортақ шараларға қатыспай келеді. Армения премьер-министрі Никол Пашинян биыл ақпанда ұйым жұмысына қатысудан бас тартатынын айтқан.

Ұйымға мүше елдер Ереван ұстанымына назар салмаса, Армения оның құрамынан шығады деген пікірді Пашинян бұдан бұрын да бірнеше мәрте айтқан.

2022 жылғы қыркүйекте Әзербайжан Армениямен шекарада операция бастағанда Ереван Ресейден және ұйымның басқа мүшелерінен көмек сұраған. Армения билігі ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшыларын өз өтінішіне құлақ аспады деп айыптаған. ҰҚШҰ мүшелері Арменияға әскери көмек көрсетуді жөн деп таппаған. Пашинян да, Арменияның басқа басшылары да Ресей қауіпсіздік саласындағы міндеттемелерін орындамағандықтан, елдің сыртқы саясатын «әртараптандырып» жатқанын айтып келеді.

Сыртқы жаудан, сын-қатерден бірлесіп қорғануды көздейтін, құрамына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін бұл ұйым өз тарихында бір рет – 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға бірлескен әскер жіберген.

Мамырда Ресей сыртқы істер министрлігі Армения ҰҚШҰ-ның толық құқылы мүшесі екенін, өз міндеттемелерін орындауы тиіс екенін ескерткен. Оның алдында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Никол Пашинянды Батыс мүдделеріне көбірек жұмыс істеп, «Ресей-Армения қарым-қатынасын бұзуға апаратын» әрекеттер жасап жатыр деп сынаған.

Келесі
Ресейге салынған санкцияның Қазақстанның бидай экспортына әсері айтылды

Ауыл шаруашылығында бір де бір мембағдарлама соңына дейін іске аспағаны айтылды

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.