• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Жаңа уақыт белдеуі кері әсерін тигізген жоқ — Денсаумин

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
11.06.2024
Жаңа уақыт белдеуі кері әсерін тигізген жоқ — Денсаумин
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа уақыт белдеуіне шағымданып жатқандарға жауап берді. Азаттықтың хабарлауынша, министр қазіргі уақыт белдеуі «денсаулыққа кері әсерін тигізген жоқ деп айтуға негіз бар» дейді.

«Сағат белдеуі мәселесі бірнеше жылдан бері талқыланды. Оған еліміздегі ғылыми орталықтар, физиология институты, Фесенков атындағы астрофизика институты атсалысты. Шешімді ғылыми негіздерге сүйене отырып шығарды. Сағат белдеуі өзгергеннен кейін емханаларға, ауруханаларға айтарлықтай көп түсіп жатқан науқас санын, басқасын байқап отырған жоқпыз. Денсаулыққа кері әсерін тигізген жоқ деп айтуға негіз бар. Бұл мәселені негізінен Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары көтеріп отыр. Денсаулыққа байланысты мәселе көріп тұрған жоқпын», – деді Әлназарова 11 маусымда.

7 маусымда бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияға қол қойғандар саны 50 мың адамға жетті. Сауда және интеграция министрлігі петицияны қарауға қабылдап алғанын, бұл процеске 40 күн кететінін мәлімдеді.

Қазақстан биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен. Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Костанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытты.

Бірыңғай уақыт белдеуіне ауыстыру туралы бастаманы ұсынған Василий Фесенков атындағы Астрофизика институты «Қазақстанның басым бөлігі табиғи уақыт бойынша өмір сүрмейді» деп мәлімдеді.

Үкімет бұл шешім «өңірлер арасындағы уақыт кедергісі жойылып, көлік коммуникациясы жақсаруына, бизнес пен мемлекеттік органдар өзара шұғыл іс-қимыл жасасуына оң әсер етеді» деп түсіндірді.

Шешімге наразылар бұрынғы уақытты қайтару туралы петиция жариялады. Олар «жұмыс пен демалыс уақытының сәйкеспеуінен жұмыс өнімділігі төмендеп, ұйқы дұрыс қанбайды» деп жазды.

Келесі
«Қаражыра» Жақияновтан Назарбаевтың тобына қалай өтті?

"Қаражыра" Жақияновтан Назарбаевтың тобына қалай өтті?

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.