• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кешірім комиссиясының төрағасы Мәсімовтен өтініш түспегенін айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10 июня, 2024
Кешірім комиссиясының төрағасы Мәсімовтен өтініш түспегенін айтты
Share on FacebookShare on Twitter

ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің Тоқаевтан кешірім беруді сұраған өтініші президент жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияға әлі жетпеді. Комиссия төрағасы, мәжіліс депутаты Марат Башимов 10 маусымда Азаттыққа осылай деп мәлімдеді.

Мәсімовтің кешірім сұрап, өтініш бергенін Informburo.kz сайты ҰҚК жауабына сүйеніп хабарлаған еді.

«Комиссияға өтініші жеткеннен кейін ол нақты түрде қаралады. Конституция бойынша, әр азаматтың комиссияға арыздануға құқығы бар. Бірақ оның өз жүйесі бар. Бірінші арыз түседі, кейін оны Жоғарғы сотқа, бас прокуратураға, ішкі істер министрлігіне, өзінің отырған жеріне жібереді. Себебі ақпарат жинау керек. Кейін оны комиссия отырысында қарайды. Содан соң оған дауыс беріп, шешім шығарып, президентке жібереді» деді Башимов Азаттыққа.

Ол бұдан басқа басқа пікір бере алмайтынын айтты. ҰҚК жауабы бойынша, Мәсімов өтінішті 2024 жылы наурызда жолдаған.

«Құқық органдарына да бір ай беріледі. Уақыттың өз реті бар» дейді Башимов.

Қазақстандағы адам құқықтары бюросының жетекшісі, құқық қорғаушы Евгений Жовтис «Мәсімов тікелей Тоқаевқа емес, президент жанындағы кешірім беру кеңесіне қайырылып отыр» дейді.

«Іс сол комиссияның қарауына түседі. Комиссияға қоғам белсенділері мен мемлекеттік орган мүшелері кіреді. Мәселен, кешірім беру комиссиясына Бас прокурордың орынбасары, Адам құқығы жөніндегі уәкіл, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді. Ең маңыздысы, комиссияға президенттің заң мәселелері бойынша кеңесшісі кіреді. Ол осы кешірім беру комиссиясында президент билігінің өкілі ретінде қатысады. Кешірім беру-бермеу мәселесі дауыс беру арқылы шешіледі. Бірақ комиссия қандай шешім қабылдаса да, Тоқаевтікі шешуші сөз болмақ» деді Жовтис Азаттыққа.

Мәсімов 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынған. Былтыр 24 сәуірде Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті «мемлекетке опасыздық жасады», «билікті басып алуға оқталды» және «қызмет өкілетін асыра пайдаланды» деп айыптап, 18 жылға қамауға үкім шығарды.

ҰҚК ақпаратынша, Мәсімовтің үстінен Қылмыстық кодекстің «Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру» және «Аса ірі мөлшерде пара алу» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Келесі
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Соңғы жазбалар

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

6 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.