• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
04.09.2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды
Share on FacebookShare on Twitter

Прокурор «Ақорданы басып алмақ болды» деп айыпталған бес адамға 8 жыл түрме жаза сұрады. Бұл туралы Азаттық радиосы құқық қорғаушыға сілтеме жасап хабарлады.

Алматы қаласы Алмалы ауданының қылмыстық сотында «Ақорданы басып алмақ болды» деп айыпталған алты белсендіге прокурор сегіз жыл түрме жазасын сұрады. Бұл туралы 4 қыркүйекте құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина айтқан.

Асқар Нұрмаған, Әбдуәли Тағай, Дүйсенбек Жақашев, Қайсар Өзбек және Талғат Әшіров 2025 жылы маусымда ұсталып, содан бері ҰҚК-ның тергеу изоляторында отыр. Сот процесі биыл ақпанда басталған еді.

Бесеуіне «топ болып билікті күшпен басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттады, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды» деген айып тағылған. Қайсар Өзбек пен Талғат Әщіровке «жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау» айыбы қосымша тағылған.

Тергеу актісіне қарағанда, бесеуі 2025 жылы қыс-көктемде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, Ақорданы басып алуды жоспарлаған, сол үшін адамдар іздеп, қару-жарақ жайын және жолдарды жабу жағын ақылдасқан. Тергеу тарабы «олар 27 сәуірде президент резиденциясының аймағын қарауылдап, кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қажетті радиоқабылдағыш, дауыс ұлғайтқыш және басқа да заттар сатып алған» дейді.

Сот процесі жабық өтіп жатыр. Айыпталушылар тағылған айыпты мойындамайды.

Қамаудағы Әбдуәли Тағайдың қорғаушысы Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, сотталушылар – жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыратындай қаржылары да, құрылымдары да болмаған қарапайым жұмысшылар.

Қайсар Өзбек 2022 жылы Қаңтар оқиғасына қатысып, Қазақстанға ҰҚШҰ әскерилерін кіргізуге қарсы шыққан. Асқар Нұрмаған бұған дейін митингілерге қатысып, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылған. Абдуәли Тағай 2016 жылы жер митингілерінде және 2019 жылы Қытай инвестициясына қарсы наразылықтарға қатысқан.

Қазақстанда бұған дейін де бірнеше адам Ақорданы басып алмақ болды деп сотталған. Мәселен, 2024 жылы алты адам «Трактор ісі» бойынша түрмеге кесілген. Тергеу алты адам трактормен Ақорда аумағына кіріп, тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды деген.

Tags: АқордаАсқар НұрманӘбдуәли Тағайбасып алуҒалым НұрпейісовДүйсенбек ЖақашевҚайсар ӨзбекТалғат Әшіров
Келесі
Президенттер ықпал етті ме? Көшпенділер ойынындағы дау Қазақстанның пайдасына шешілді

Президенттер ықпал етті ме? Көшпенділер ойынындағы дау Қазақстанның пайдасына шешілді

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.