• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Бірыңғай уақыт белдеуіне 50 мың қарсылық. Билік петиция талабын қарамақ

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
08.06.2024
Бірыңғай уақыт белдеуіне 50 мың қарсылық. Билік петиция талабын қарамақ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандықтардың «Уақытта кері қайтару» талабымен жариялаған петициясы E-petition.kz сайтында тиісті 50 мың қолды жинады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Осыдан соң сауда және интеграция министрлігі петицияны қарастыруға қабылдап алғанын, бұл процеске 40 күн кететінін мәлімдеді.

«Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптарды, мемлекеттік мекемелерді және қоғамдық ұйымдардан жұмыс тобын құрады. Петицияны қарау заң талаптарына сай өтеді» деді министрлік.

Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен. 19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекітті. Үкімет бұл шешім «өңірлер арасындағы уақыт кедергісі жойылып, көлік коммуникациясы жақсаруыны, бизнес пен мемлекеттік органдар өзара шұғыл іс-қимыл жасасуына оң әсер етеді» деп түсіндірген.

Осылайша 1 наурызда Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Костанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытты.

Үкіметтің былтыр желтоқсанда талқылауға шығарған жобасында сағаттың табиғи уақыт белдеуімен сәйкес келмеуі “бірқатар аурудың өршуіне апарып соғатыны” жазылған. Сондықтан уақытты артқа шегеру көптеген облыс халқына оң әсер ететіні айтылған.

Бірақ биыл мамырда бұл шешімге наразылар уақытты кері қайтару туралы петиция жариялады. Олар «жұмыс пен демалыс уақытының сәйкеспеуінен жұмыс өнімділігі төмендеп, ұйқы дұрыс қанбайды» деп жазды.

Бірақ жоғарыда аталған облыстардың көбі табиғи белдеуіне жақындағанымен, Шығыс Қазақстан облысы алшақтай түседі. Облыс орталығы Өскеменнің тұрғындары бұл қолайсыз екенін айтқан.

Уақытты есептеу жүйесіне сәйкес, Қазақстан төрт белдеуде жатыр. Қабылданған UTC+5 белдеуі елдің батысындағы облыстарға да сәйкес келмейді.

Келесі
Ресей экс-премьер Юлия Тимошенкоға іздеу жариялады

Ресей экс-премьер Юлия Тимошенкоға іздеу жариялады

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.