• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
20.07.2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды
Share on FacebookShare on Twitter

Әлем біріншілігінің финалында Аргентинамен ойнаған Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионы атанды.

Qazinform агенттігінің хабарлауынша, кездесу барысында қарсыластар жылдам гол соғуға тырысқан. Алғашқы минуттан испаниялық құрама белсенділік танытқан. Аргентина қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, қорғаушыларды көп әбігерге салған.

Екінші кезеңде испаниялық футболшылар қарқынын арттыра түскен. Осындай сәттің бірінде аргентиналық Энцо Фернандес қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған.

Негізгі кезең 0:0 есебімен тең аяқталып, қосымша кезеңге ұласқан.

Қосымша кезеңнің 106-минутында испаниялық Ферран Торрес мергендік танытты. Осылайша Испания құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, 2026 жылғы әлем чемпионы атанды.

Испания H тобында екі жеңіс, бір тең ойынмен 7 ұпай жинады. Олар Уругвайды 1:0, Сауд Арабиясын 4:0 есебімен жеңіп, Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түсті. Одан кейін 1/16 финалда Аустрияны 3:0, 1/8 финалда Португалияны 1:0, 1/4 финалда Бельгияны 2:1 есебімен жеңді. Жартылай финалда Францияны 2:0 есебімен қапы қалдырды.

Аргентиналық футболшылар J тобында сынға түсіп, бірде-бір ұпайдан шашау шығарған жоқ. Олар Аустрияны 2:0, Алжирді 3:0, Иорданияны 3:1 есебімен тізе бүктіріп, өз тобында тоғыз ұпаймен бірінші орын алды. Одан кейін аргентиналық футболшылар Кабо-Вердені қосымша кезеңде 3:2, Египетті 3:2, 1/4 финалда Швейцарияны қосымша кезеңде 3:1 есебімен жеңді. Олар жартылай финалда Англияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Аргентина 3 мәрте жеңіс тұғырына көтерілсе, Испанияның бір мәрте мерейі үстем болды. Жалпы қазірге дейін бар-жоғы сегіз құрама чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Қазірге дейін барлығы 13 құрама финалда сынға түсті. Олардың арасынан Бразилия, Германия, Италия, Аргентина, Уругвай, Франция, Англия, Испания чемпион атанды.

Ал Нидерланд – 3, Чехословакия – 2, Венгрия – 2, Швеция мен Хорватия 1 мәрте финалға шыққанымен, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетсек, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үшінші орын үшін өткен матчында Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Бір айдан астам уақытқа созылған дүбірлі додада осылайша мәресіне жетті. Биылғы біріншілік бұрынғы чемпиондардың жағалай финалға шыққандығымен ерекшеленіт болса керек,

Испания осымен екінші мәрте әлем чемпионатында жеңімпаз атанып отыр. Бұған дейін 2010 жылы чемпион болған еді.

Tags: Испанияфутболчемпионат
Келесі
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.