• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Ескі Қазақстанның» 2 трлн теңгелік күдікті транзакциясы тексерілуде

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
5 июня, 2024
«Ескі Қазақстанның» 2 трлн теңгелік күдікті транзакциясы тексерілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Бас прокуратура «Ескі Қазақстанның» 2 трлн теңгелік күдікті транзакциясын тексеруде, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Бас прокуратура басқа да жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті кешенді шаралар атқаруда. Негізгі мақсат – мұндай активтерді Қазақстан тұрғындарының игілігі үшін заңды айналымға шұғыл тарту. Активтерді қайтару процесі қатаң түрде Заңға сәйкес және Заңның өлшемшарттарына сәйкес келетін адамдарға ғана қатысты жүргізілуде. Қазіргі уақытта Бас прокуратура елдегі 1 мыңнан астам және шетелдегі 150-ден астам мүлік объектілері туралы мәліметтерді талдауда. Талдаумен тағы 600 млрд теңгенің бағалы қағаздары қамтылған. Елімізде 200-ден астам және шетелде 140 банк шоттары анықталды. 2 трлн теңгеге жуық күдікті транзакциялар тексерілуде», — деп хабарлады сәрсенбі күні бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Хабарда атап өтілгендей, осы жұмыстың нәтижесінде Премьер-Министрдің басшылығымен Комиссия 325 млрд теңгеден астам сомаға активтерді мемлекетке қайтару туралы келісімдер мен талап қоюларды мақұлдады, оның ішінде 272 млрд теңге теңгеріміндегі ақшалай қаражат. Олар маңызды әлеуметтік және экономикалық жобаларды жүзеге асыруға бағытталатын болады.
«Сондай-ақ еліміздегі және шетелдегі құны 50 млрд теңгеден асатын активтер мемлекетке берілді. Олардың ішінде бірқатар стратегиялық кен орындары, монополистік компаниялар, ондаған мың гектар жер, сондай-ақ өндіріс объектілері, қонақ үйлер, бизнес орталықтары, виллалар, пәтерлер, сәнді көліктер, зергерлік бұйымдар және тағы басқалар. Бұдан басқа, Тізілімнің кейбір субъектілері өз еркімен жалпы құны 30 млрд теңгені құрайтын жоғары технологиялық инвестжобаларды жүзеге асыруға міндеттеме алды. Олардың ішінде құбырлар, қаптамалар, химиялық, азық-түлік және т.б. өнімдерді шығаратын өндіріс объектілері. Осылайша, кемінде 300 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда, жылдық салық төлемдері 1 млрд теңгеден астам болуы тиіс», — делінген хабарда.
Активтерді қайтару процесінің тағы бір маңызды бөлігі — әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру.
«Мәселен, Тізілімдегі тұлғалар өз еркімен қызметтерін ерекше қажеттіліктері бар адамдар және басқа да әлеуметтік осал топтар тегін пайдалана алатын, құны 5 млрд теңгеден асатын заманауи мәдени-ағарту орталығын салынуға міндеттеме алды», — делінген хабарда.
Бақылаушы орган хабарлағандай, Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің мәжбүрлеп қайтару тетіктерін іске асыру шеңберінде көптеген, оның ішінде пайда болуы түсініксіз активтерге қатысты талап қоюлар берілді.
«Олардың бірі бойынша 11 млн АҚШ долларынан астам қаржыны, сондай-ақ 400 млн теңге сомасына зергерлік бұйымдар мен мәдени құндылықтарды мәжбүрлеп қайтару туралы сот шешімі қабылданып, күшіне енді», — деп хабарлады ведомстводан.
Хабарда атап өтілгендей, жалпы, 2022 жылдан бастап экономиканы демонополизациялау шараларын қоса алғанда жалпы сомасы шамамен 1,7 трлн теңгенің активтері, оның ішінде шетелден 750 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды.
«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», — деп хабарлады бас прокуратурадан.
Активтерді қайтару ісі 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін қоғамның Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл президент болған тұста қалыптасқан элита мүшелерінің – «Ескі Қазақстан» деп аталған кезең өкілдерінің қайдан келгені белгісіз, бірақ қалталарына басып алған, сөйтіп шетел асырып жіберген капиталды елге қайтаруларын талап етуден басталған еді.

Келесі
Вице-премьер былтырғы шегірткені бүгін еске алды

Вице-премьер былтырғы шегірткені бүгін еске алды

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.