• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бұрынғы полицей әділдік іздеп бағанға шығып кетті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
05.06.2024
Бұрынғы полицей әділдік іздеп бағанға шығып кетті
Share on FacebookShare on Twitter

4 маусымда Алматыда 49 жастағы бұрынғы полиция қызметкері Дәрмен Шыныбеков бағанаға шығып, «жұмыстан заңсыз шыққанына» наразылық білдірді. Азаттықтың хабарлауынша, 2017 жылы қызметінен босаған ол өз ісі бойынша тексеру жүргізуді талап етеді.

Ол Facebook желісіндегі парақшасына қаладағы көшелердің бірінде тұрған электр бағанасына шығып бара жатқаны көрінетін видео жариялады.

Шыныбеков Қазақстан ішкі істер министрі Ержан Сәденовке үндеу жасады.

«Жұмыстан заңсыз шыққанымды жеті жылдан бері дәлелдеп келемін. Сізбен кездесуге жазылып, кіре алмай жүргеніме екі жыл болды. Сізге қояр бір ғана сұрағым бар. Мен әкімшілік практика бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істедім, жеке тұлғалардан жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлегені туралы түбіртек қағаздар қабылдадым. Мен қабылдаған түбіртек қағаздар бойынша бюджетке ақша түспей қалған. Бірақ мен қандай бұйрықты бұздым? Нені бұздым? Түбіртектердің тұпнұсқа екенін ешкім тексерген жоқ. Ақшаның банкте болуы да елу де елу. Неге мені жұмыстан шығарды? Осы сұраққа жауабыңыз болмаса, тексеріс жүргізіңіз» деді Шыныбеков.

Бұрынғы полиция қызметкері қызметтік тергеу материалдарының күшін жоюды сұрады, Шыныбековтің сөзінше, бұл оның жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күшін жою үшін сотқа қайта жүгінуге негіз болады.

Ол видеода президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да үндеу жолдады.

«Президент мырза, біздің елде сот әділ болса, онда менің жағдайым бұлай болмас еді» деді Шыныбеков.

Ол видеода Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев пен Жоғарғы соттың бұрынғы судьясы Мейрамбек Таймерденовтің есімін атады. Күдебаев Қаңтар оқиғасы кезінде «қызметін асыра пайдаланды» деп ұзақ мерзімге сотталған, Таймерденов Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін судья қызметінен босады.

«Күдебаев мені жұмыстан шығарды. Неге дейсіз бе? Себебі сотта ештеңе дәлелдей алмайтынымды білді» деді Шыныбеков.

Қаңтарда жарияланған әкімшілік сот шешімінде Шыныбеков 2017 жылы «қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін» жұмыстан шығарылған деп тұр. Сол кезде полиция департаментін генерал Күдебаев басқарған.

Шыныбеков Азаттыққа акциядан кейін өзін полиция департаментінің қазіргі бастығы Арыстанғани Заппаров қабылдағанын және «оны жұмыстан шығару фактісі бойынша қайта тексеру жүргізуге уәде бергенін» айтты.

Бұған дейін Алматы соты Шыныбековке «полиция формасын заңсыз кигені үшін» айыппұл салған. Қаңтарда оның әлеуметтік желідегі парақшасында видео жарияланғаннан кейін көп ұзамай сот оған 18 460 теңге (шамамен 40 доллар) айыппұл салған. Бұрынғы полиция қызметкері видеода өзін жұмыстан шығару туралы шешімге келіспейтінін айтқан.

Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы түзетін жұмысшылар құқығының сақталуы жөніндегі дүниежүзілік индексте 2023 жылы Қазақстан жұмысшылары сот әділдігіне қол жеткізе алмайтын немесе құқығы шектелген елдердің қатарында деп танылды.

Келесі
«Ескі Қазақстанның» 2 трлн теңгелік күдікті транзакциясы тексерілуде

«Ескі Қазақстанның» 2 трлн теңгелік күдікті транзакциясы тексерілуде

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.