• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Полицияға шақырылған ақын желідегі жазбасына түсініктеме берді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
01.04.2026
Полицияға шақырылған ақын желідегі жазбасына түсініктеме берді
Share on FacebookShare on Twitter

Әлеуметтік желіде сыни пікір жазғаннан кейін полицияға шақыру алған ақын, журналист Танакөз Толқынқызы 1 сәуірде бөлімшеге барып түсініктеме берген.

Азаттық радиосының хабарлауынша, ақын ТанакөзТолқынқызы 7 наурызда Facebook желісіндегі парақшасында «Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды. Себебі ол сапасыз ұлтқа айналған» деп пост жазған еді. Осыдан соң оның үстінен eGov арқылы шағым түсіп, полиция шақырту жіберген.

Танакөз Толқынқызының Азаттыққа айтуынша, ол бүгін, 1 сәуірде адвокаттарымен Астана қаласы Сарайшық ауданы полиция бөлімшесіне барған.

«Полицияның сұрақтарына жазбаша түсініктеме бердім. Өз тарапымнан қосарым, поста ешкімнің жеке басына өткен жоқпын, ешкімді қараламадым. Менің постымның ұлтаралық араздықты қоздыруға еш қатысы жоқ деп ойлаймын. Арыздан кейін қылмыстық не әкімшілік іс қозғалмаған. Полиция бөлімшесінде әріқарай не болатынын, іс қозғалатынын я қозғалмайтынын айтпады. Тек eGov арқылы шағым түскен соң жауап беруге міндеттіміз, постыңызда не айтқыңыз келді, соған түсініктеме берсеңіз деді. Мен түсініктеме бердім,»- деген Танакөз Толқынқызы Азаттыққа.

Ақын 7 наурыз күні посты қоғамда резонанс тудырған. Ол жазбасында «Қазақтар тәуелсіздігін сақтап қала алмайды, себебі сапасыз, принцибі жоқ надан ұлтқа айналған, өз тілінде сөйлемейді» деп сынайды. Құлдық сана етінен өтіп сүйегіне жеткен кейиді. «Ұрлық – қазіргі біздің басты қасиетіміз» деп налыған.

Желі қолданушылардың бір бөлігі ақынның айтқаны ащы шындық десе, тағы бір топ оны жекелеген адамдарға бола тұтас ұлтқа тіл тигізу деп айыптады. Пост «іріткі салып, араздық тудыруға бағытталған» деп ақынды қылмыстық жауапқа тартуға шақырғандар болды.

Ақынның айтуынша, оның үстінен заңгер Нұрсұлтан Орынбеков eGov арқылы арыз түсірген.

Tags: НұрсұлтанОрынбековТанакөзТолқынқызы
Келесі
Қытайдың Қазақстан мен Ресей шекарасына жақын тұсында мал індетке шалдықты

Қытайдың Қазақстан мен Ресей шекарасына жақын тұсында мал індетке шалдықты

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.