• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тұңғыш. Ел тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров кім?

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15.02.2026
Тұңғыш. Ел тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров кім?

Maja Hitij/Getty Images

Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандық Михаил Шайдоров Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жеке сырғанаудан алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы туралы не белгілі?

Tengrinews ақпараттық ресурсының хабарлауынша, қысқа бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров 5-орында болған, алайда еркін бағдарламаны мінсіз орындап, жалпы 291,58 ұпай жинап, қарсыластарын басып озды. Екінші орынға Жапония өкілі Юма Кагияма, ал үшінші орынға тағы бір жапониялық Шун Сато ие болды.

Қысқа бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров 5-орында болған, алайда еркін бағдарламаны мінсіз орындап, жалпы 291,58 ұпай жинап, қарсыластарын басып озды. Екінші орынға Жапония өкілі – Кагияма, ал үшінші орынға тағы бір жапониялық Шун Сато ие болды.

Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудан көшбасшысы атанған Михаил Шайдоров 2004 жылы Алматыда дүниеге келген. Бала күнінде спортқа әкесінің арқасында келген, ал 2018 жылдан бері оның тәлімгері – Олимпиада чемпионы Алексей Урманов.

2022 жылы Шайдоров жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль алды: ол тек Илья Малининге ғана жол берді, әрі қысқа бағдарламадан кейін 8-орында тұрған. Үш жылдан соң осы жағдай ересектер арасындағы әлем чемпионатында да қайталанды, Шайдоров тағы да күміске қол жеткізді, ал америкалық спортшы чемпион атанған.

Бұдан бөлек, Шайдоровтың еншісінде Төрт құрлық турниріндегі жеңіс және Денис Тен мемориалындағы екі алтын бар.

Айта кетейік, ресейлік БАҚ кейде Шайдоровты «бұрын Ресей азаматы болған» деп атап жатады. Бірақ бұл ақпаратты спортшы да, ұлттық құраманың бас бапкері Асем Қасанова да жоққа шығарған.

«Нақтылай кетейін. Миша Алматыда туған. Біз оның әкесі Станислав Шайдоровпен және өзге балалармен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Адольф Киреевтің қарамағында Алматыдағы №6 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттыққанбыз», — деп атап өткен ол Tengri Sport-қа берген сұхбатында.

Михаил Шайдоровтың бұл алтыны – Қазақстан тарихындағы қысқы Олимпиададағы екінші алтын. Алғашқысы 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов жеңіп алған.

Tags: мәнерлеп сырғанауМихаил ШайдоровОлимпиада чемпионы
Келесі
Қилы кезең: Төраға неге талып қалды? Қателессе, не істеу керегін Назарбаевтың өзі айтты

Қилы кезең: Төраға неге талып қалды? Қателессе, не істеу керегін Назарбаевтың өзі айтты

Соңғы жазбалар

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

4 марта, 2026
Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

3 марта, 2026
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

Әуе шабуылдарынан кейін. Трамп Иранның келіссөз ұсынғанын, өзінің келіскенін айтты

2 марта, 2026
Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

1 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

26 февраля, 2026
Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

26 февраля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.