• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Шіркеуді Мәскеу ықпалынан шығаруға тырысқан алматылық дінбасы ұсталды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13.02.2026
Шіркеуді Мәскеу ықпалынан шығаруға тырысқан алматылық дінбасы ұсталды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандық православ дінбасы, Орыс православ шіркеуінің бұрынғы қызметкері Иаков Воронцов 10 тәулікке қамалды. Бұл жөнінде оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

Воронцовтың үстінен 440-1 бап бойынша («Есірткі, психтропты және соған ұқсас заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану») әкімшілік хаттама толтырылған.

Бұған дейін Иаков Воронцов Алматыда ұсталып, полицияға жеткізілгені белгілі болған еді.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Азаттық Азияға «есірті заттарын пайдалану үшін орын ұйымдастыру фактісі» бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.

«Күдікпен 1986 жылғы ер адам ұсталды. Тінту кезінде одан ұнтақ зат тәркіленді. Оның есірткі қолданғаны медициналық құжатпен дәледенді,»- деп жазылған полиция хабарламасында.

2026 жылы қаңтарда Ресей православ шіркеуіне қарасты Қазақстан митрополиялық округ өкілдері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылып, Ресейдің Украинадағы соғысын айыптап жүрген, шіркеуден қуылған Иаков Воронцовтың үстінен «алауыздық қоздыру» бабы бойынша істі қайта қозғауды сұраған.

«Бұл істің осы мәлімдемеге қатысы бар ма?» деген сұраққа адвокат Нұрпейісов оны нақтылап көретінін айтты.

Иаков Воронцов — қазақстандық дін қызметшісі, ол қызметін қазақ тілінде жүргізіп танылған.

Украинада соғыс басталғаннан кейін Воронцов әлеуметтік желіде соғысты ақтаған Орыс православ шіркеуінің қызметкерлерін сынап, пост жариялаған.

Воронцов Орыс православ шіркеуіндегі қызметін 2023 жылы маусымда аяқтаған. Ол Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты көзқарасы үшін қазақстандық митрополиялық округ басшылығы тарапынан қысым көргенін айтқан.

2024 жылы оның үстінен «конфессияаралық алауыздық қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс аноним тұлғалардың арызы бойынша қозғалған және «қылмыс құрамы болмағандықтан» мамырда тоқтатылған.

Осы аптада Иаков Воронцов «діни бірлестігін тіркеуден бас тартқаны үшін» қалалық әділет департаменті мен әділет министрлігі үстінен Алматы әкімшілік сотына шағым түсірген.

Бірнеше жыл бұрын Воронцов Қазақстанда Орыс православ шіркеуінің Мәскеу патриархатына бағынбайтын дербес православ шіркеуін құруға әрекеттенген. Ол Әділет министрлігіне екі рет құжат тапсырғанымен, билік оны тіркемеген.

Tags: ВоронцовИаковшіркеу
Келесі
Тұңғыш. Ел тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров кім?

Тұңғыш. Ел тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров кім?

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.