• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Конституциядағы тіл дауы айтылғанымен, талқыланбады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
06.02.2026
Қазақтілді мектепті талап еткен белсенді 15 тәулікке қамалды
Share on FacebookShare on Twitter

5 ақпан күнгі конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 8-отырысында тіл мәселесі айтылғанмен, қоғамда қызу талқыланып жатқан даулы 9-бап жөнінде талқыланбады. Тілге қатысты баяндама жасағандар негізінен бұрынғы Конституция мәтінінің тілі күрделі, аударма болғаны, калька көп болғанын, ал жаңа Конституцияның қазақ тілінде жазылғанын дәлелдеуге тырысты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституция жобасы «кейбіреулер айтып жүргендей бір-екі аптада емес – жарты жылға жуық уақыт бойы әзірленгенін, азаматтардан көп ұсыныс түскенін, әрбір ұсыныс мұқият қаралғанын» атап өтті.

«Бірнеше ай бойы жүргізілген үздіксіз жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік тілдегі Конституция мәтінінің оқылымы едәуір жеңілдеді. Бұл мемлекеттік тілде құқықтық терминология толық қалыптасқанын білдіреді. Осы орайда, Конституциялық комиссия құрылған кезде «Оның құрамында тіл мамандары мен журналистер не істеп жүр?» деген сын да айтылды. Бұл ретте, тіл мамандары мен журналистер Ата заң мәтінінің сапалы әрі түсінікті жазылуына зор үлес қосып жатыр. Демек, кейбіреулерді мазалаған сұрақтың жауабы да өздігінен белгілі болды ғой деп ойлаймын,»- дейді Ерлан Қарин.

Ол әлеуметтік желіде таралып жатқан Сәкен Сейфулиннің «қазақ тілі кеңсе тіліне айналмай, іс оңбайды» деген сөзіне меңзеп, «қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін әуелі Ата заң ұғынықты жазылуы керек,»- деді.

«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тіл мәселесін ту етіп, ұрандатудан емес – осындай көзге көріне бермейтін, күрделі маңызды жұмыстан басталады,»- дейді мемкеңесші.

Ал «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлы «35 жыл бойы қазақ тіліне аударылып алған негізгі заңмен өмір сүріп келе жатырмыз» деп онда тілге қатысты кемшіліктер көп екенін жеткізді.

«Яғни, халықтың ойлауы мен ұғынуы кеңістігі бір тілде, ал мемлекеттік іргетасы басқа тілде қаланды. Ұлттық ұстанымы тікелей емес, аударма арқылы берілді. Ең сапалы аударманың өзінде мағыналы реңктер жоғалады. Ұғымдар ығысады. Кей жағдайда құқықтық тепе-теңдіктер өзгереді. Ал негізгі заң үшін бұл аса қауіпті. Себебі бір ғана сөздің қате қолданылуы конституциялық норманың мәнін өзгертіп жіберуі мүмкін,»- дейді ол.

Комиссия отырысында тілден де бөлек мәселелер талқыланды. Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров «ұлттық валюта мәселесін Ата заңда бекітуді» ұсынды. Депутат Нұртай Сабильянов оның ұсынысын қолдап, мұның қаржылық тұрақтылыққа да әсері барын атап өтті. Конституциялық кеңестің жетекшісі, конституциялық соттың төрағасы Элвира Әзімова жиын соңында конституциялық жоба бойынша түскен ұсыныстар бойынша салыстырмалы кесте жасалатынын айтты. Ол комиссия түсіп жатқан ұсыныстарды әлі де қарастырып жатқанын жеткізді.

Қазақстанда өткен аптада жаңа Конституция жобасы жарияланды. Оның алдында конституциялық реформа жөнінде комиссия құрылып, Конституцияға түзетулер енгізілетіні хабарланған еді. Қоғамда конституциялық түзетулердің қысқа уақыт аралығында «жаңа Конституцияға» айналып кеткені сыналды.

Бұған дейін азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, белсенділер ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеуінде Конституцияны өзгертуде асығыстық танытпауға шақырып, толымды қоғамдық талқылау жүргізу қажеттігін айтқан.

Tags: дауконституциятіл
Келесі
Британдық компания  қазақ экономикасына арнаған инвестициясын тоқтата тұрмақ

Британдық компания қазақ экономикасына арнаған инвестициясын тоқтата тұрмақ

Соңғы жазбалар

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

4 марта, 2026
Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

3 марта, 2026
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

Әуе шабуылдарынан кейін. Трамп Иранның келіссөз ұсынғанын, өзінің келіскенін айтты

2 марта, 2026
Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

1 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

26 февраля, 2026
Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

26 февраля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.