• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
31 января, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

Азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, белсенділер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылып, Конституцияны өзгертуде асығыстық танытпауға шақырып, толымды қоғамдық талқылау жүргізу қажеттігін атап өтті.

Азаттық хабарлаған мәлімдеме авторларының айтуынша, Конституция мәтінінің 80 пайыздан астамы өзгерейін деп отыр – бұл іс жүзінде жаңа Конституция қабылдағанмен пара-пар, ал мұндай қадам жеке қоғамдық мандат, ашықтық пен азаматтардың қатысуын талап етеді.

«Парламенттік реформа ретінде басталған талқылау қысқа уақыт ішінде конституциялық өзгерістердің ірі пакетіне айналып кетті. Ол тек институционалдық архитектураны қамтып қоймай, Конституцияның негізгі нормаларына да қатысты. Осы кезеңнің өзінде негізгі құжат мәтінінің 80 пайыздан астам өзгеретіндігі айтылып жатыр. Ауқымына қарағанда мәселе жаңа Конституция жөнінде болып отыр. Бұл объективті түрде айқын және бөлек тұжырымдалған қоғамдық мандат, реформаның мақсатын айқындау және шектеулі өзгерістердің орнына кең көлемді қайта қарау қажеттілігінің ашық түсіндірілуін талап етеді. Мұндай элементтердің болмауы Конституцияны қоғамдық келісімнің тұрақты негізі емес, жедел саяси шешімдердің құралы ретінде қабылдау қаупін туындатады, бұл оның біріктіруші функциясын әлсіретіп, 2022 жылдың жетістіктерін іс жүзінде жоққа шығарады,»- деп жазылған мәлімдемеде.

Мәлімдеме авторлары конституциялық комиссиясының жедел құрылуы мен оның жұмысының нақты регламентінің жоқтығына, оған шектеулі топтардың ғана кіруіне ерекше алаңдап отырғанын атап өтеді.

«Конституциялық комиссия мүшелерінің айтарлықтай бөлігін 2011, 2017 және 2019 жылдардағы конституциялық түзетулерді әзірлеу мен қабылдауға тікелей қатысқан адамдар құрайтындығы ерекше алаңдаушылық тудырады. Бұл түзетулер іс жүзінде биліктің бір адамның қолында одан әрі шоғырлануына әкеліп соқты және авторитарлық биліктің институционалдық тетіктерін нығайтты. Мұндай тәсіл ел өзінің тарихи сценарийлерінің қайталануына бейім екенін айғақтай түседі, ондайда формальды институционалдық өзгерістерді сол баяғы субъектілер жүзеге асырады және ешқандай дамуға әкелмеген үлгі қолданылады» деп жазылған мәлімдемеде.

Олардың пікірінше, Конституцияға ірі өзгерістерді асығыс енгізу қоғамда тұрақтылықты орнатуға септеспейді, тек қоғам арасындағы алшақтықты тереңдетіп, ыдырата түседі. Осылайша кез келген масштабтағы конституциялық өзгерістер осылайша тез әрі қоғамның қатысуынсыз өтуі мүмкін деген тәрізді қауіпті прецедент те қалыптастыруы мүмкін.

Құқық қорғаушылар Тоқаевқа «конституциялық комиссияның қызметін парламенттік реформа аясында ғана шектеп», ал Конституцияны өзгертуге қатысты қалған ұсыныстарды «концептуалды рекомендация» ретінде рәсімдеп, конституциялық өзгерістердің тәртібі туралы және конституциялық комиссия туралы жеке заңды әзірлеуге негіз ретінде пайдалануды ұсынды.

Олар сонымен бірге негізгі мәселелер бойынша әртүрлі ұстанымды жеткізуге көмектесетін референдум форматын таңдау қажет деп санайды.

Бұған қоса үндеуде «қазіргі Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтары туралы ережелерін тек мұндай өзгерістер осы құқықты қорғау деңгейін арттырған жағдайда ғана өзгертуге болатындығы туралы қағиданы жария түрде бекіту қажет» деп жазылған. Олар бұл құқықты шектеуге бағытталған өзгерістерге жол бермеу керек деп санайды.

Құжатқа ондаған құқық қорғаушы, сарапшы, ғалым, белсенді, журналист қол қойған. Арасында Адам құқығын қорғау бюросының жетекшісі Евгений Жовтис, парламентаризмді дамыту қорының жетекшісі Зәуреш Батталова, Transparency International Kazakhstan кеңесінің төрағасы Аида Әлжанова, әлеуметтанушы ғалым Серік Бейсембаев, журналист Әсем Жәпішева және өзге де азаматтық қоғам өкілдері бар.

Ал бүгін, 31 қаңтарда Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия жаңа негізгі заңның жобасын жариялаған болатын.

Келесі
Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.