• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

Грузия парламенті «шетел агенті туралы» заңға қойған президент ветосын еңсерді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
29.05.2024
Грузия парламенті «шетел агенті туралы» заңға қойған президент ветосын еңсерді
Share on FacebookShare on Twitter

Грузия парламенті 28 мамырдағы дауыс беру нәтижесіне сай, бұған дейін «Шетел ықпалының ашықтығы туралы» заңға ел президенті қойған ветоны еңсерді. Бұл заңды сынайтындар осы құжатты Ресейдегі «Шетел агенті туралы» заңның көшірмесі деп санайды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлаған.

Мәліметке қарағанда, енді заң жобасы қайтадан президентке қол қоюға жіберіледі. Егер ол қол қоюдан бас тартса, парламент төрағасы бес күн ішінде заңға қол қойып, жариялай алады.

Жаңа заң биыл маусымның басында жариялануы мүмкін. Заңға сәйкес, билік тамызға дейін заң актілерін қабылдап, жариялауға тиіс, ал Грузия әділет министрлігі мен ұлттық қоғамдық тізім агенттігі «осы заңды орындау үшін алдын ала материалдық-техникалық және басқа да шараларды» өткізуі керек.

Алдын ала ақпарат бойынша, тамыздан бастап 2023 жылы қаржы көзінің 20 пайызынан көбін шетелден алған БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар бір ай мерзім ішінде «шетелдік күштің мүддесін жүзеге асырушы ұйымдар» ретінде әділет мекемесіне тіркелуге өтініш тапсыруы керек. Әйтпесе оларға айыппұл салынады. Әділет министрлігі мұндай ұйымдарды анықтау және заң талаптарын орындалуын тексеру үшін кез келген уақытта мониторинг жүргізе алады, ал уәкілетті шенеуніктің қажет ақпаратты, оның ішінде дербес деректерді алуға құқығы бар.

Грузия қоғамында дау туғызған жаңа заң парламентте дауысқа қойылған кезде оған қарсы адамдар ауқымды наразылық акциясын өткізді. Парламент алдына көп адам жиналып, депутаттарға қарата «құлдар» деп айқайлады, деп жазды «Эхо Кавказа» сайты.

Келесі
Тоғызқұмалақ дауы. Федерация депутатқа жауап берді

Тоғызқұмалақ дауы. Федерация депутатқа жауап берді

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.