• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Назарбаевтың сарайы «руханиятқа бет бұрған» жиенінің иелігіне өтті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13 января, 2026
Назарбаевтың сарайы «руханиятқа бет бұрған» жиенінің иелігіне өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үшқоңыр резиденциясы оның жиені Нұрәли Әлиевке қарасты технологиялық компанияға өтті. Бұған дейін ол экс-президентке қарасты қордың меншігінде болған.

Азаттық радиосының хабарлауынша, бұл сарай Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағымен шектесіп жатқан тау бөктерінде орналасқан. Ал ресми түрде Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының аумағына кіреді.

Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының дерегіне сәйкес, сарайдың қазіргі иесі – экс-президенттің жиені Нұрәли Әлиевке қарасты Service Engineering Group деген компания. Технологиялық жобалар жасайтын компанияның жайлаудағы резиденцияға иелік ету себебі түсініксіз.

Service Engineering Group-тің түпкі иесі былтыр «Capital Holding» ЖШС және «Darmen Holding» ЖШС деген екі компания болған. Бұлардың ішінде Darmen Holding-тің түп төркіні Нидерланд офшорында тіркелген Greatex Capital Holding B.V. деген компания. Forbes.kz жазуынша, Әлиев елдегі активтерін осы компаниялар арқылы басқарады.

Кейін құрылтайшылар қатарына қосылған екінші заңды тұлға Live Oak Holding LTD-дің түпкі иесі жасырылған. Бұл компания Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген. Басшы ретінде Әл-Баракани Ареф Абдуллах Мұхаммед деген азамат көрсетілген.

Нұрәли Әлиев – Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның ұлы. Әлиев кезінде «Нұрбанкті», «Транстелеком» телекоммуникация компаниясын басқарған, Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.

Әлиев Forbes есебінше, былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 млн доллармен 39-орынға тұрақтаған. 2025 жылы ол елдегі байланыс саласындағы ірі активі «Транстелекомды» сатқан. Жақында Instagram парақшасында туған күнін тойлап, адамдарға рухани тәлім беретін жоба бастағанын мәлімдеген.

Келесі
Әзірге 2 мың… Тегеран наразылықта құрбан болғандар санын айтты

Әзірге 2 мың... Тегеран наразылықта құрбан болғандар санын айтты

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.