• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сарай сатып алуымен аты шыққан Құлыбаев тағы бір дауға ілікті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
09.01.2026
Сарай сатып алуымен аты шыққан Құлыбаев тағы бір дауға ілікті
Share on FacebookShare on Twitter

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы, миллиардер Тимур Құлыбаев 2007 жылы Эндрю ханзададан Саннингхилл-парк зәулім сарайын жемқорлық ісіне қатысы бар компания арқылы сатып алған деп жазды ВВС сайты жаңа зерттеуінде.

Құлыбаев зәулім сарайды Италиядағы жемқорлық істерінде аталған Enviro Pacific Investments компаниясы арқылы алған делінеді.

ВВС-дің 2016 және 2017 жылғы сот құжаттарына сілтеп жазуынша, италиялық мұнай магнаты Агостино Бьянки сотта Құлыбаев пен басқа да қазақстандық шенеуніктерге мұнай саласында тиімді келісім-шарттар алу үшін пара бергенін айтқан. Ал Aventall деген компания параны алуға қолданылған. Aventall есепшотына түскен ақша кейін Enviro Pacific Investments компаниясына аударылған. Одан соң Құлыбаев Unity Assets Corporation офшор компаниясы арқылы Enviro Pacific Investments-тен қарыз алып, Саннингхилл-парк зәулім сарайын сатып алған. Сотта Италия прокурорлары Enviro Pacific Investments те Құлыбаевқа «тиесілі екенін» айтқан. Бірақ Италияда Құлыбаевқа ресми айып тағылмаған.

Ал Құлыбаев адвокаттары арқылы ВВС сайтына «пара» туралы мәліметті жоққа шығарған. Адвокаттары Құлыбаевтың Enviro Pacific Investments компаниясына иелік етпегенін, қатысы жоғын айтқан, алайда компанияның иесі кім екенін айтудан бас тартқан.

Дегенмен қорғаушылар ВВС сайтына Құлыбаевтың Enviro Pacific компаниясынан Саннингхилл-парк зәулім сарайын сатып алу үшін несие рәсімдегенін растаған. Миллиардердің адвокаттары зәулім сарайды алған ақша «заңды» дейді.

12 жатын бөлмесі мен 6 үлкен залы бар Саннингхилл-парк зәулім сарайы бес жыл өтпей тұрған еді. Ал 2007 жылы Құлыбаев бұл сарайды офшор компания арқылы 15 млн фунт стерлингке сатып алғаны белгілі болған. Құлыбаев бес жыл өтпей тұрған үйді ханзада сұраған бағадан 3 миллион фунт стерлингке қымбат бағаға сатып алған. Сол кезде Құлыбаевтың өкілдері мұны аталған сарайға тағы бір адамның қызығуымен байланыстырған.

Келесі
Иран полициясы шеруді жаншуға кіріскенін айтып, кісі өліміне басқаларды кінәлады

Иран полициясы шеруді жаншуға кіріскенін айтып, кісі өліміне басқаларды кінәлады

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.