• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Депутат Украина шабуылын қолдағандарды жазалауды ұсынды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
17.12.2025
«Соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу». Киев Астананың наразылығына жауап берді
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым украин дрондарының Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына шабуылын қолдаған қазақстандықтардың жазбаларын тексеруді сұрады.

Азаттық радиосының хабарлауынша, депутаттың сауалында қараша айының соңында «теңіз дрондарының Каспий құбыр консорциумының терминалына шабуылы салдарынан айлақ құрылғысы істен шыққаны» жазылған. Соның салдарынан қазір бір ғана айлақ құрылғысымен жұмыс істеп жатқан терминалдың өткізу қабілеті де нашарлаған.

«Мұнай тасымалдау көлемінің азаюы ел үшін айтарлықтай экономикалық тәуекел мен шығынға әкеп соғады. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы экспорттан жыл сайын шамамен 30 миллиард доллар кіріс кіреді. Үштен бір бөлігі Ұлттық қорға түседі, бұл елдің салық түсімдерінің шамамен 20%-ын құрайды. Сарапшылардың бағалауы бойынша, ұзақ уақытқа тоқтап қалса, ай сайынғы шығын көлемі 500 миллион долларға жетуі мүмкін» деп жазылған депутаттың сауалында.

Оның сөзінше, соған қарамастан әлеуметтік желіде «мемлекет үшін маңызды инфрақұрылымға соққыны» ашық «қолдайтын және мақұлдайтын» азаматтардың жазбалары шығып жатыр. Бұл «ұлттың мүддесіне тіке нұқсан келтіреді» деді ол.

Ол бас прокурор Берік Асылов пен ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдаған сауалында «Қазақстан үшін маңызды инфрақұрылым нысанына соққы жасауға шақырған» азаматтардың әрекетіне құқықты баға беруді сұрады. Атап айтқанда, мұндай әрекетті «терроризмді насихаттау немесе терроризмге жария түрде шақыру» және «мемлекетке опасыздық» жасау баптары бойынша тексеру қажеттігін алға тартты.

Депутат сонымен бірге «Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды мұнай құбырын бұзуға бағытталған ақпаратты жариялауға болмайтыны» жөнінде халық арасында «түсіндіру жұмысын» жүргізуді сұрады.

Қазақстан СІМ Новороссийскідегі КҚК инфрақұрылымына шабуылға байланысты бұған дейін Украинаға наразылық білдірген. Оған жауап берген Украина СІМ шабуыл Қазақстан немесе басқа үшінші елге бағытталмағанын, бар мақсаты басқыншының әрекетін тежеу екенін айтқан.

Қазақстан Каспий құбыр консорциумына (КҚК) шабуыл салдарынан 480 мың тонна мұнайын жоғалтты деп мәлімдеді 11 желтоқсанда Қазақстан энергетика министрі Ерлан Ақкенженов журналистерге.

Ол сонымен бірге Қазақстан Каспий құбыр консорциумынан бас тартпайтынын, оған балама бағыт жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, биыл аталған құбыр арқылы 72 млн тонна мұнайды айдау жоспарда болған, алайда қазір бұл жоспар 68 млн-ға дейін төмендетілген.

Қазақстан қазір басқа бағыттар бойынша да мұнай тасымалдауды арттыруға тырысып жатыр. Алайда сарапшылар бұл жағынан Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі дейді.

Келесі
Shymbulak: Сапа мен қауіпсіздік бірінші орында

Shymbulak: Сапа мен қауіпсіздік бірінші орында

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.