• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шаңғы тепкің келсе, алдымен «Ақ бұлаққа» бар!

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15.12.2025
Шаңғы тепкің келсе, алдымен «Ақ бұлаққа» бар!
Share on FacebookShare on Twitter

Тау демалысына, шаңғы мен сноуборд тебуге құмар жандар үшін Талғар қаласының қасындағы «Ақ бұлақ» тау шаңғы курорты биыл күтпеген жерден жаңалық ашты. Күтпеген жерден дейтініміз бұл шаңғы курорты ұзақ жылдан бері қараусыз қалғандай күйде еді.

Табиғаты тамаша, Шымбұлақтай өте биік емес, қары басқа курорттармен салыстырғанда айтарлықтай қалың, шаңғы тебуді жаңа үйренетіндерге таптырмайтын осы курорт сан жылдан бері сыннан көз ашпай келген еді.

Биыл басшылығы ауысқан бұл курорт кемшіліктерін шетінен түзеп, келушілердің жақсы демалуына барынша жағдай жасапты.

Ең бірінші кезекте, қауіпсіздік басты назарға алыныпты. 

 «Ақ бұлақ» тау шаңғы курортының техникалық бөлімі бас директорының орынбасары  Сұңқар Ысқақовтың айтуынша, техникалық парк жаңарған. Инфрақұрылым да жаңарудан өткен. Жыл он екі ай шұрық тесік болып жататын автотұраққа толық асфальт төселген. Шаңғыны жалға алу мен шаңғы мектебінің іші күрделі жөндеуден өтіп, жалға берілетін шаңғы мен киімдер тұтастай жаңадан алынған. Шаңғы трассасындағы шам жарықтар түгелімен ауысқан.

Ал «Ақ бұлақ» тау шаңғы курортының сату және маркетинг бөлімі директоры Жұлдыз Байболованың сөзінше, енді кассада билет алуға кезек болмайды. Өйткені, «Ақ бұлақ» ски-пасстерін Каспии банк арқылы толықтырып, кассаға жақындамай-ақ шаңғы тебе беруге болады. Сондай-ақ, «Шымбұлақ», «Ой-Қарағай» ски-пасстарын «Ақ бұлақта» қолдануға болады.

«Ақ бұлақ» өкілдері  «Шымбұлақ» пен «Ой-Қарағай» тау курорттарына бәсекелес болып, келушіге таласу мақсатымыз емес дейді.

Олардың айтуынша, шаңғы мен сноубордты жаңадан үйренушілерге ең қолайлы, ең қауіпсіз жер ол — «Ақ бұлақ». Сондай-ақ, «Ақ бұлақ» отбасымен, бала-шағамен де таза ауада серуендеуге, шаңғымен сырғанауға, шана тебуге, атқа мініп серуендеуге өте ыңғайлы курорт.

«Ақ бұлақ» тау курорты Алматы облысында тұратын балаларға шаңғы тебуді тегін үйрететін үйірмелері жұмыс істей беретіндерін де айтып отыр. Бірақ, бұл үйірмеге қатысатын балалардың тізімін әлеуметтік, отбасылық жағдайын ескеріп Алматы облысы әкімдігі  шешеді. Яғни,  «Ақ бұлақ» тау курорты әкімдік тізімін бекіткен балаларды тегін шаңғы үйірмесіне алады.

Келушілердің қауіпсіздігі мен жақсы демалуы басты мақсатымыз деген «Ақ бұлақ» тау курорты осылайша биыл күрделі өзгерістер жасап, шаңғы маусымын ашық деп жариялады.Ертесі күні  Алатауға көптен күткен қар да жауды.

Руслан Ербота

Келесі
«Соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу». Киев Астананың наразылығына жауап берді

Депутат Украина шабуылын қолдағандарды жазалауды ұсынды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.