• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Назарбаев пен Әлиевтің арасындағы тартыс. Эпштейн құжаттары не дейді?

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
27.11.2025
Назарбаев пен Әлиевтің арасындағы тартыс. Эпштейн құжаттары не дейді?
Share on FacebookShare on Twitter

Америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейннің даулы ісіне қатысты ішкі құжаттардың арасында Қазақстанның бірінші президентінің бұрынғы күйеубаласы Рахат Әлиевке қатысты мәліметтер көпшілікке жария болды. Құжат Әлиевтің сол кездегі президент Назарбаевпен көп жылғы текетіресінен хабар береді.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Эпштейн 2011 жылғы 8 қарашада өз адвокаты Рид Уайнгартенге жазған электрон хаты деп көрсетілген құжат «Рахат Әлиев мырза өз ісін Вашингтонға жеткізу арқылы түрлі мақсат көздеді,»- деп басталады. Хат авторының сөзінше, Еуропадағы Әлиев «түрлі амалдармен АҚШ-тан пана табуды көздеп, «бизнесі тәркіленгеннен кейін» жоғалтқан 2 млрд доллар қаражатты қайтару талпынысында Вашингтонның көмегіне жүгініп, қолдау тапқысы келген. Эпштейн хатында Әлиевтің «АҚШ дипломаттары арқылы Назарбаевтың беделіне нұқсан келтіруді көздегенін» айтқан.

Хат мазмұнына қарағанда, АҚШ билігі, Назарбаев қалағандай, оның Әлиевпен арадағы дау-дамайына араласуға құлық танытпаған.

«Қазақстан басшыcы америкалықтардың бұл дауға араласпайтынына сенімді болғысы келді және оның үкіметіне әсер етуіне жол бермейді. Обама әкімшілігі дәл солай жасады. Өзінің құпия дипломатиялық хабарламаларында Қазақстандағы бұрынғы елші бұл дауға араласуға аса сақтықпен қарайтындығын айқын білдірді», – деп жазған Эпштейн.

Эпштейн хатында сілтеме жасаған АҚШ елшісінің құпия дипломатиялық хат-хабарлары кезінде WikiLeaks сайты көпшілікке жария еткен құпия құжаттарда айтылған еді. Эпштейн хаты жазылған кезде, яғни 2008 жылы қараша айында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып Ричард Хоугланд істеген. Ол бұл қызметті 2008 жылғы қыркүйектен 2011 жылдың басына дейін атқарды.

Эпштейннің адвокаты Уайнгартенге жазған хатында 2008 жылы Рахат Әлиев АҚШ-тағы шағын лобби фирмасын жалдап, Конгресс мүшелерімен байланыста болғаны, лобби компаниясы 2010 жылға дейін Әлиевтің мүддесін қорғағаны айтылған.

Хат авторының сөзінше, Рахат Әлиев өзіне «жалған айыптар» тағылғанын айтып, өзін «режим құрбаны» етіп көрсетуді және америкалық лоббистердің көмегімен Конгресстің бірнеше мүшесін Қазақстандағы адам құқықтары ахуалын сынауға жұмылдырып, Назарбаев режимінің беделін түсіруді көздеген.

«Назарбаев мырза – жасы 70-те, бұрынғы металлург, совет дәуіріндегі партия қайраткері, жиырма жылдан бері билік басында, Орталық Азиядағы ең қарқынды экономиканы басқарып отыр. Алайда құқық қорғаушылар оны оппозиция өкілдерін қуғындады деп ұзақ уақыттан бері сынап келеді. Әлиев мырзаның жасы 48-де, бұрын салық полициясының басшысы, сыртқы істер министрінің орынбасары және Қазақстандағы КГБ-ның баламасы саналатын мекеменің жетекшісі болған. Бірақ сыншылар ол туралы ықпалын пайдаланып, компанияларды тартып алғанын, кейде күш қолдану арқылы қорқытқанын айтты. Бұдан бөлек, Әлиев АҚШ Әділет департаментіне бұрынғы қайынатасының америкалық мұнай компанияларынан Қазақстандағы кен орындарын игеру үшін пара алғанын дәлелдейтін құжаттарды беруге дайын екенін хабарлаған», – деп жазылған АҚШ-та жария болған «Эпштейн деректерінде».

Келесі
Назарбаевтың туысы деген адамның ұсталғанын ҰҚК растады

Назарбаевтың туысы деген адамның ұсталғанын ҰҚК растады

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.