• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

«Өтініші орындалмайды – 13 айыппұлы бар…» Депутат түрмедегі Думан Мұхаммедкәріммен кездескен

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
25.11.2025
Сотта үкім оқылды. Думан Мұхаммедкәрім прокурор сұраған 7 жылға кесілді

Думан Мұхаммедкәрім. Азаттықтың суреті

Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қызылорда түрмесінде отырған журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрімге кіріп шыққанын әлеуметтік желіге жазып, хабарлады. Айтуынша, Думан 20 қарашада кезекті аштығын тоқтатқан. Депутат журналистің жүдеп, денсаулығы сыр бергенін айтады.

«Еттің қашуынан екі бүйрегім төмен түсіп кетті. Белім сырқырайды. Асқазаным да ауырады…» дейді Думан. «ДУИС-тегілер бәріне өзі кінәлі, аштыққа бармаса, бұлай болмас еді деп отыр ғой…» деймін мен Думанға. «Менде наразылық білдірудің басқа қандай амалы бар? Өзімнің қарсылығымды осылай аштық жариялаумен ғана білдіре алам» дейді Думан,»- деп жазды депутат Facebook желісінде.

Жазуынша, Думан Мұхаммедкәрімнің өзін Алматы облысындағы колонияға ауыстыру туралы өтініші орындалмайды, себебі қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері журналистің «13 айыппұлы барын» айтқан.

Депутат одан камераға лақтырылған жарылғыш зат жөнінде де сұраған. Депутаттың сөзінше, журналист мұны өзінен емес, осы жағдайды тексергендерден сұрау керектігін айтқан. Ал түрме басшылығы «жағдай тексеріліп жатыр» деп айтып, мұны «қастандық деп бағалауға болмайтынын» атап өткен. Түрме әкімшілігінің өкілдері оқиғаны «бұл Думанның төңірегіндегі қоғамдық у-шуды қоздырудың әлдекімдер сырттан ұйымдастырған провокациялық әрекет» деп бағалаған, алайда депутаттың жазбасында бұл жөнінде нақты мәлімет жоқ. Сол себепті «сырттан ұйымдастырғандардың провокациясы» туралы болжам сол күйі түсініксіз болып қалған.

Азаттық радиосының хабарлауынша, қазан айында құқық қорғаушылар мен адвокаттар Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығына алаңдап, оған дереу медициналық көмек көрсетуді талап еткен еді.

«Думанның қуық безі, бауыры мен бүйрегіне суық тиген екен. Бауыры үлкейген. Толық мағлұмат болу үшін кешенді тексеріс керек. Ол оны алып жатқан жоқ. Денсаулығы әрине, кешенді емдеуді талап етеді,»- деген еді сол кезде адвокат Ғалым Нұрпейісов.

Ал Ермұрат Бапи жариялаған ішкі істер министрлігінің жауабында «Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы қанағаттанарлық, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді» деп жазылған.

Қазан айында құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина журналист жарылғыш зат лақтыру оқиғасын тексеруді талап еткені үшін қоқан-лоқыға ұшырағанын да айтқан еді. Ал депутаттың жазбасында ол жөнінде ештеңе айтылмайды.

Былтыр тамызда Қонаев қаласының соты «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты» деп айыпталған журналист Думан Мұхамедкәрімді кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырған. Журналистің өзі бұл айыппен келіспейді. Ол соттың ашық өтуін талап етіп, аштық жариялаған. Жақтастары билікті қатты сынап жүрген тәуелсіз журналист саяси ұстанымына бола қудалауға түсті деп санайды.

Келесі
Назарбаев пен Әлиевтің арасындағы тартыс. Эпштейн құжаттары не дейді?

Назарбаев пен Әлиевтің арасындағы тартыс. Эпштейн құжаттары не дейді?

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.