• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Украина мен Ресей Ақ үйдің бейбітшілік жоспарына күманмен қарайды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
22.11.2025
Украина мен Ресей Ақ үйдің бейбітшілік жоспарына күманмен қарайды
Share on FacebookShare on Twitter

Украина мен Ресей басшылары Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарына қатысуы мүмкін екенін айтты, бірақ оның сәтті аяқталуына күмән келтірді,

Kazinform агенттігінің ABC News-ке сілтеп, хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский өз елі қиын таңдау алдында қалуы мүмкін екенін ескертті: «қадір-қасиетін» жоғалту немесе ең маңызды одақтасының қолдауынан айырылу — бұл ретте ол елдің атын атамады. Зеленский келесі апта «өте күрделі» болатынын айтты.

Владимир Путин Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мүшелерімен кездесу кезінде Мәскеу «түбегейлі бейбіт реттеу» үшін әзірленген 28 тармақтан тұратын жоспарды негізге алуға дайын екенін, бірақ оны әлі егжей-тегжейлі қарастырмағанын жеткізді.

Путин Ресей бұл жоспардың нұсқасын биыл жазда Аляскадағы саммит кезінде Трамп әкімшілігімен талқылағанын және 28 тармақтан тұратын жобаны «негізінен жаңартылған» нұсқа деп атады.

Ресми түрде 28 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарында «Украина сенімді қауіпсіздік кепілдіктеріне ие болады» деп көрсетілген, оған НАТО тарапынан берілетін қауіпсіздік кепілдіктері де кіреді.

Бұл жоспар соңғы апталарда Украина ауыр шығындарға ұшырап, Ресей әскері жаңа аумақтарды басып алғаннан кейін әзірленген. Зеленский қазір өз командасындағы коррупциялық жанжалға байланысты қысымға ұшыраған. Бұл жанжал оның әкімшілігіндегі жоғары лауазымды адамдарды қамтыған, сондықтан ол Зеленский билігіне үлкен соққы болды.

Еске салсақ, Трамптың Украинадағы соғысты тоқтатуға арналған 28 тармақтан тұратын жоспарын Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың қатысуымен АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткофф әзірлеген.

Тағы да өзгеруі мүмкін бұл жоспар 20 қарашада Украина президенті Владимир Зеленскийге ұсынылған.

Бұған дейін Трамп Украина бойынша жоспарға қол қоюдың «ыңғайлы мерзімі» ретінде келесі бейсенбі — 27 қараша, Алғыс айту күнін белгілегені хабарланған.

Келесі
6 адамның қазасы. Тағы да жол апатынан жастар мерт болды

6 адамның қазасы. Тағы да жол апатынан жастар мерт болды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.