• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Арнайы конкурс жариялап АЭС-ке қойылған атау ештеңесімен ерекшеленбеді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
17.11.2025
Арнайы конкурс жариялап АЭС-ке қойылған атау ештеңесімен ерекшеленбеді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық конкурс аяқталды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі хабарлады.

Конкурстың президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 11 тамыздағы бастамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылғаны айтылады. Сол конкурс 2025 жылдың 25 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында eGov Mobile платформасында өткен.

Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша азаматтардан ең көп ұсынылған «Балқаш» атом электр станциясы» атауы жеңімпаз деп танылды делінеді. Конкурсқа барлығы 27 мың 157 азама қатысқан. Әр қатысушыда бір ғана атау ұсыну мүмкіндігі болған.

2025 жылғы 5 қыркүйекте құрамына қоғам өкілдері, креатив индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кірген конкурс комиссиясы құрылған еді.

Түскен барлық өтінімнен 10 мың 460 бірегей нұсқа анықталды. Өңдеу барысында кириллица, латын әрпі және мағыналас сөздер сияқты жазудың түрлі формалары да ескерілген.

Конкурс комиссиясының отырысында ең танымал 100 атау қаралды. «Балқаш» атом электр станциясы» атауын 882 азамат ұсынды және ол танымалдығы бойынша қорытынды рейтингте бірінші орын алып, конкурс жеңімпазы атанды.

Сонымен бірге конкурс комиссиясы нысанның орыс және ағылшын тілдеріндегі атауларын анықтады:

  • «Атомная электростанция «Балхаш»»;
  • «Balkhash Nuclear Power Plant».

«Балқаш» нұсқасын ұсынған 882 қатысушы бір ай ішінде eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы автордың электрондық сертификатын алатыны аталып өтті.

АЭС атауына қатысты ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59–да аяқталып, соның нәтижесі енді жарияланып отыр.

Қазақстанда АЭС құрылысы үшін 2024 жылы 6 қазанда рефрендум өткізілгені белгілі. Онда дауыс бергендердің 71 пайыздан астамы құрылысты қолдады деп жарияланды. Алайда сол кезде дауыс берушілерге, жалпы қоғамға Қазақстанда неше АЭС салынатыны айтылмаған. Кейін елде 3 бірдей АЭС салынатыны белгілі болды. Оның алғашқысына Ресей қатысса, екіншісінің құрылысына Қытай компаниясының ат салысатыны айтылады. «Балқаш» атауын иеленген алғашқы АЭС-тің орны ретінде шамамен Балқаш көлінің жағасындағы совет кезінде ГЭС салынады деген тұсы белгіленген болатын.

Келесі
Жетісайдағы жеке үйдегі өрттен 12 адам қаза тапты, оның тоғызы – бала, 3 адам ауруханаға түсті

Жетісайдағы жеке үйдегі өрттен 12 адам қаза тапты, оның тоғызы – бала, 3 адам ауруханаға түсті

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.