• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
11 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы облысы Талғар аудандық соты оны құқық бұзушылық жасауды ұйымдастыру, адам ұрлау, денсаулыққа қасақана аур зиян келтіру және қорқытып алу баптары бойынша кінәлі деп тауып, жиынтығы 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Қасымбаевқа екі іс бойынша айып тағылған. Біріншісі бойынша, 2016 жылы кәсіпкер Айыпжан Тәжиевті көшеге шығарып, соққыға жыққан, сөйтіп одан 1 млн теңге бопсалаған. Екінші іс бойынша, 2021 жылы MMA жекпе-жек жарысының қатысушысы Арман Әлімовті ұрлап әкетіп, ұрып-соққан.

Қасымбаевпен бірге бес адамға айыптау үкімі кесілді. Олар:

Сайлау Ақтанов – 8 жыл 6 ай;

Руслан Әлиев – 8 жыл;

Мадияр Қалымжанов – 9 жыл 6 ай;

Данияр Асқаров – 8 жыл;

Нұрмұхаммет Сұлтанбеков – 22 жыл.

Tengrinews.kz басылымының жазуынша, 2021 жылғы іс бойынша Сайлау Ақтанов, Данияр Асқаров және Мадияр Қалымжанов бұған дейін-ақ «бұзақылық» бойынша сотталған. Бірақ кейін іс қайта қаралып, айыпталушылар қатарына Руслан Әлиев пен Нұрмұхаммет Сұлтанбеков қосылған. Сөйтіп 2024 жылы бесеуіне де түрме жазасы тағайындалған. Былтыр қарашада жаңа деректердің шығуына байланысты іс тағы да қайта қозғалып, айыпталушылар қатарына Хасан Қасымбаев қосылды.

Сот айыпталушылардан Арман Әлімовке материалдық залал ретінде 148 мың 434 теңге, өкілінің қызметіне жұмсалған 2 млн теңге, моральдық залал ретінде 7 млн теңге өндірілсін деп белгіледі.

Хасан Қасымбаевтың аты-жөні Талғардағы бір топ адам қатысқан жанжалдан мерт болған Шерзат Полат қазасынан кейін кең тарады. Әлеуметтік желіде оны «Хутор» дейтін банданың басшысы-мыс деген ақпарат шықты. Қасымбаевтың өзі ешқандай қылмыстық топқа қатысы жоғын мәлімдеген.

Былтыр қазанда Талғарда бір топ адам қатысқан жанжал кезінде 16 жастағы Шерзат Полат пышаққа түсіп қаза болды. Оқиғадан соң қара жамылған отбасының үйі өртеніп, полиция ауданда күзетті күшейткен. Бұған дейін марқұмның туыстары әкімдік алдына жиналып, тергеуді ашық әрі әділ жүргізуді талап еткен.

Келесі
Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Мемлекеттік сапардың мәні осы ма? Жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойылды

Соңғы жазбалар

13 ноября, 2025
Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

Талғардағы топтың серкесі делінген адам 12 жылға сотталды

11 ноября, 2025
Ғалым Доскен дүниеден өтті

Ғалым Доскен дүниеден өтті

11 ноября, 2025
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

10 ноября, 2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

7 ноября, 2025
Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

Қилы кезең: «Тамыз бүлігі» кезінде Назарбаев не істеді?

6 ноября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.