• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
07.11.2025
Вольфрам, Boeing және Ибраһим келісімдері. Тоқаев Америкада Путин жайлы не айтты?

Фото: Reuters

Share on FacebookShare on Twitter

Орталық Азия басшылары Вашингтонға сапарлап, C5+1 саммитіне қатысып және АҚШ президенті Дональд Трамппен жеке кездесулер өткізіп, біршама келісімдерге қол қойып қайтты.

Азаттық радиосының хабарлауынша, C5+1 (Орталық Азияның бес елі және Америка) саммитіне мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен вице-президент Джей Ди Вэнсті алып кірген Трамп АҚШ-тың Орталық Азиямен қарым-қатынасы бұрынғыдан да берік етуге ниетті екенін мәлімдеді. Ал аймақтан барған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттері қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғанына ризашылық білдірді.

Ресми кешкі астың алдында Астана мен Вашингтон Қазақстандағы вольфрам кен орнын игеру жөнінде келісім жасасқанын мәлімдеді. Бұл кен орны әлемдегі ең ірі игерілмеген вольфрам кен орындарының бірі саналады.

Келісім аясында америкалық Cove Kaz Capital Group компаниясы Қазақстанның мемлекеттік тау-кен холдингімен бірлескен кәсіпорында 70 пайыздық үлеске ие болады. Мәміле құны 1,1 миллиард долларға бағаланып отыр. АҚШ Экспорттық-импорттық банкі (Export-Import Bank) жобаны 900 миллион доллар көлемінде қаржыландыруға қызығушылық білдіретін хат жолдап қойды.

Сондай-ақ саммитте Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан әуе компаниялары Америкадан 37 Boeing ұшақтарын сатып алу жөнінде әлі толық бекітілмеген келісім жасасқан. Оның ішінде қазақстандық Air Astana 15 Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын алуға ниет білдірген. Қазір бұл компанияда Boeing 767 ұшағы қызмет етеді дейді Рейтер агенттігі.

Саммит алдында Қазақстан мен АҚШ басшылары жеке кездескен. Ақорданың хабарлауынша, тараптар құны 17 млрд доллар болатын келісімге қол қойған.

Сонымен қатар Қазақстан Ибраһим келісімдеріне (Авраам келісімдері деп те аталады) қосылуға ниет білдірді. АҚШ бастамашыл болған бұл келісім Израиль мен Араб елдері, мұсылман елдері әріптестігін нығайтуға бағытталған.

Ибраһим келісімі деген – Таяу Шығыстағы кикілжіңді біржақты ету үшін АҚШ 2020 жылы әзірлеген келісімді атайды. Оның «Авраам келісімі» деген сыңар атауы да бар. Бұл – Израиль мен араб елдері арасындағы бейбіт қатынасты нығайтуға арналған келіссөздер. Келісім 2020 жылы Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Марокко арасында жасалған-ды. Кейін келісімге Египет пен Судан кірді. Қазір Ақ үй әкімшілігі Қазақстан мен Әзербайжанның да осы келісімге қосылуына мүдделі.

АҚШ лауазымды тұлғалары саммит АҚШ Орталық Азиямен қарым-қатынасты тұрақты етуге берік екенін көрсетеді деп мәлімдеді.

«Біз әдетте дағдарыс пен қиындықтарға көп уақыт бөлгеніміз сонша – бұл мәселелер назар аударарға тұрарлық – кейде керемет жаңа мүмкіндіктер назардан тыс қалап жатады,»- деді мемлекеттік хатшы Марко Рубио 6 қараша күні Орталық Азия басшыларымен бірге өткен таңғы аста ұлттық мүдделер сәйкес келетін жаңа мүмкіндіктер жайлы айтып.

Тоқаев Дональд Трамптың әкімшілігі Джо Байденнің әкімшілігіне қарағанда «саяси тұрғыда көп прагматизм көрсетіп жатқанын» айтқан.

«Бұл – мүлде бөлек қарым-қатынас. Мұнда Орталық Азияның маңызын жақсы түсінеді,»- дейді Тоқаев.

New York Times басылымы Байден 2023 жылы «Орталық Азия + АҚШ» саммитін БҰҰ Бас ассамблеясы аясында өткізгенін, ал Трамп Орталық Азия лидерлерін Ақ үйде қабылдағанына назар аударған.

Осы басылымға сұхбат берген Қазақстан президенті Украина мен Ресей арасындағы атысты тоқтату «мүмкін» деп санайды және Қазақстан Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөзді ұйымдастыруға алаң ұсына алатынын мәлімдеді.

Президент Тоқаев сұхбатында Ресей басшысы Владимир Путин «елінің ішіндегі қоғамдық пікірдің ықпалына байланысты енді артқа шегінбейді» деген.

«Путин барынша жұмсақтық танытқанын мойындау керек. Меніңше, Путин алға үлкен қадам жасады,»- дейді Қазақстан басшысы.

New York Times мақаласында ресми Астана Ресейдің Украинаға ашқан соғысында ұстанымы бейтарап екенін, Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен де, Ресей президенті Владимир Путинмен де жолыққанын атап өткен.

Келесі
ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

ВВС, саған не болды? Арнаның екі басшысы қызметтен кетті

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.