• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Путин ұшақты Ресей атқанын мойындады. Өзі 2 күн бұрын «біліпті»

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10 октября, 2025
Әзербайжаннан Ресейге бет алған ұшақ Ақтау маңына құлады
Share on FacebookShare on Twitter

Ресей президенті Владимир Путин былтыр желтоқсанда Ақтауда құлаған Әзербайжан әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатына Мәскеу жауапты екенін мойындады. Ол Ресей өтемақы төлейтінін айтты. 9 қазанда Душанбеде екі елдің басшылары кездесті.

Ресей басшысы ұшақ апатының себебін тек екі күн бұрын білгенін айтты.

Путиннің сөзінше, әуе шабуылына қарсы ресейлік жүйе екі зымыран жіберген, соның бірі ұшақтан бірнеше метр жерде жарылған. Айтуынша, ұшаққа оның сынықтары тиген болуы мүмкін (оның бұл сөзінен Коммерсант үзінді келтірді). Путин өз сөзінде Ресей жағының өтемақы төлейтінін және лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін айтты.

«Тағы рет қайталап өтейін, біздің парызымыз – оқиғаға объективті баға беріп, шынайы себебін жариялау,»- деген Путин.

Ал Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Путинге сол сөзі үшін алғыс айтқан. «Сіз тергеу барысын жеке қадағалап отырасыз және бізде объективті қарайсыздар дегенге күмән болмаған,»- деді.

Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer ERJ 190-100 жолаушы ұшағы былтыр 25 желтоқсанда Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлады. Апат салдарынан қаза тапқан 38 адамның алтауы – Қазақстанның, 25 адам – Әзербайжанның, жетеуі — Ресей азаматтары.

Бастапқыда апаттың себебі жөнінде түрлі долбар болды. Ұшаққа Ресей аумағында оқ атылған болуы мүмкін деген болжам айтылғанда, Қазақстанның ресми өкілдері мұны «хайп қуу» деп атап, сын айтқан.

Кейін Әзербайжан президенті Илхам Әлиев апатқа «Ресейдің өкілдері жауапты» деп мәлімдеді. Әлиев Ресейден кінәсін мойындауды және осы оқиғаға кінәлілерді жазалауды талап етті. Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауына байланысты кешірім сұрағанымен, жауапкершілікті мойнына алмаған еді.

Ресей ұшақ апатын бірден мойындамағаннан кейін Мәскеу мен Баку арасы суып кеткен еді. Мәскеуде әзербайжандықтар ұсталып, Бакуде де ресейлік БАҚ өкілдері қамалған.

Келесі
Қилы кезең: «Контреволюционер Құдайбердиевті ақтауға болмайды!»

Қилы кезең: «Контреволюционер Құдайбердиевті ақтауға болмайды!»

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.