Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Душанбеге сапарлады. Мемлекеттік аталған сапарында Ресей мен Тәжікстан арасында 16 құжатқа қол қойылды. Соның арасында екі ел басшылары Владимир Путин мен Имамәли Рахмон екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты тереңдету жөніндегі ортақ мәлімдеме де бар. Ал Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Тәжікстанды Путинді тұтқындауға шақырған болатын.
Путин 2022 жылдың маусымынан бері алғаш рет Тәжікстанға барып отыр. Тәжікстан – қылмыстық істер жөніндегі халықаралық сотқа мүше, сәйкесінше халықаралық қылмыстық соттың Ресей президентін тұтқындау туралы ордерін орындауға тиіс болған еді. Бұған дейін Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Тәжікстанды Путинді елге кіргізбеуге немесе оны елге келгеннен кейін тұтқындауға шақырған. Ұйым ЕҚЫҰ, ЕО-ны Душанбе халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттемесін орындауы үшін оған қысым жасауға үндеген.
«Путин халықаралық қылмыстық сотқа мүше елдердегі халықаралық саммитке келмей – Гаага соты алдында жауап беруі керек,»- деген Human Rights Watch ұйымының халықаралық сот жөніндегі директоры Лиз Эвенсон.
Тәжікстан билігі мұндай үндеулерге реакция білдірген жоқ. Сәрсенбі күні Путинді ұшақтан түскен жерінен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қарсы алған. Душанбенің көшелері Ресей президенті келген күні мемлекеттік тудың түсіне боялды. Үйлерге Путин мен Рахмонның суреті бар экрандар ілінді.
Путин Душанбеде 9-10 қазан күндері өтетін «Орталық Азия – Ресей» саммитіне және ТМД елдері басшыларының кеңесіне де қатысады.
Халықаралық қылмыстық істер соты 2023 жылы Путинге іздеу жариялаған. Ресей президентіне Украинада әскери қылмыс жасады деген айып тағылды. Мәскеу айыпты жоққа шығарып, халықаралық соттың құзыретін мойындамайтынын айтқан.
Рахмон — 5 қазанда, Путин 7 қазанда 73 жасқа толды. Тәжікстан басшысы 1994 жылдан бері, Путин аздаған үзіліспен 2000 жылдан бері ел билігінен кеткен емес.