• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қақпашысы қайрат көрсетсе де, «Қайрат» «Реалдан» ұтылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
1 октября, 2025
Қақпашысы қайрат көрсетсе де, «Қайрат» «Реалдан» ұтылды

Шерхан Қалмырза

Share on FacebookShare on Twitter

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) испаниялық «Реал Мадрид» командасын қабылдап, 0:5 есебімен ұтылып қалды.

Kazinform агенттігінің хабарлауынша, Алматының Орталық стадионындағы тарихи матч алаң иелерінің шабуылымен басталған. Әп дегеннен «Қайрат» ойыншылары қонақтарға қауіп төндіріп, Куртуаның қақпасын торуылдаумен болды. Алайда Хаби Алонсо жаттықтыратын футболшылар да қарап қалмады. Орайы келгенде шабуылға шығып, «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырзаның да шеберлігін тексеріп көрді. 

Кездесудің 25-минутында «Қайрат» командасының қақпасына пенальти белгіленіп, он бір метрліктен оныншы нөмірдегі Мбаппе гол соқты. Осылайша корольдік клуб есепте алға шықты. Мұнан соң таблодағы есеп екінші таймда өзгерді. «Реалдың» үздігі Киллиан 52-минутта дубль авторы атанды. Ойынның 58 минутында Мбаппенің тамаша мүмкіндігі болған. Алайда қақпа алдында білгенінен жаңылды. Дегенмен қырағы шабуылшы 74-минутта хет-трик жасап, есепті еселей түсті. 

Қонақтар мұнымен тоқтап қалмады. Кезекті шабуылдарының бірін Камавинга голға айналдырды. Франциялық ойыншы 83-минутта кездесудегі төртінші голды өз атына жазды. Ал, Браим Дияс ойынның нүктесін қойды

Сөйтіп өкінішке қарай, Орталық стадиондағы 22 788 жанкүйер жиналған ойында алаң иелері 0:5 есебімен қарсылас командаға жол берді. 

«Тарихи ойын» аталған осы ойыннан кейін көпшілік әлеуметтік желіде «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қылмырзаның қаққан доптарын санамалап, оған қолдау білдіріп жатыр.

Келесі
Қазақстанда зертханасы ашылды деген Дуровты президент қабылдады

Қазақстанда зертханасы ашылды деген Дуровты президент қабылдады

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.