• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Сот министрліктің өтінішіне орай БАҚ шағымын қарауды тоқтатты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
18 сентября, 2025
Басты бет Әлеумет
Share on FacebookShare on Twitter

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өтінішімен Азат Еуропа/Азаттық радиосы Қазақ қызметінің аккредитацияға қатысты шағымын қарауды тоқтатты.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады. Адвокат Лилия Чаусованың сөзінше, Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілдері бұған дейін «осыған ұқсас 7 тілшінің аккредитациясы бойынша» іс қарастырылғанын алға тартып, «бұл істер бір-біріне әсер етеді» деген. Олар алдыңғы іс бойынша шешім күшіне енгенге дейін істі қарауды тоқтатуды сұрады.

«Әрине, біз бұған келіскен жоқпыз. Қарсы болдық. Бұл істі қарауға ешқандай кедергі жоқ деп санаймыз. Бұл — өзара қатысы жоқ екі бөлек іс. Онда жеті журналистің ісі қозғалған. Оларға қатысты тағылған айып бөлек. Мұнда тоғыз журналист бар. Бізге әлі күнге дейін іс материалдарында не үшін аккредитация бермегені түсіндірілмеді. Шағымдарда негіздер әртүрлі. СІМ-нің де аккредитациядан бас тарту себептері әртүрлі. Алайда сот істі тоқтатуға негіз бар деп тапты», – деді Лилия Чаусова 17 қыркүйек күні Азаттыққа.

Ол сот анықтамасына қатысты шағым түсіретінін айтты. Егер жоғары инстанция анықтаманы құптамаса, онда сот жалғасады. Ал құптаса, бұл соттың әлі бірнеше айға созылып кететін түрі бар. Себебі алдыңғы іс бойынша шешімді апелляцияға беруге бір екі ай уақыт кетеді.

Бұған дейін Азат Еуропа/Азаттық радиосы Қазақ қызметі 9 тілшіні аккредиттеуден бас тартқан Қазақстан сыртқы істер министрлігінің шешімін сотқа берген еді. Алғашқы сот тыңдауы 28 тамызда басталған.

Оның алдында, 20 тамызда Астана әкімшілік сотының судьясы Қайрат Смағұлов Азаттық радиосының жеті журналисіне аккредитация беруден бас тартқан Қазақстан сыртқы істер министрлігінің шешімін заңды деп таныған. Сот шешімін түсіндірген ол тиісті аккредитациясы жоқ шетелдік БАҚ және шетелдік журналистерге ел аумағында жұмыс істеуге тыйым салынатыны жазылған Қазақстанның «Масс-медиа туралы» заңының 30-бабының 4-тармағына сүйенгенін айтты. Ал талап-арыз беруші тараптың заңгері шешімді апелляцияға беретінін айтқан.

Қазақстан СІМ Азаттық радиосы қызметкерлері аккредитация мерзімін созу туралы берген өтініші қаралып жатқан кезде журналистік қызметпен айналысып, шетелдік БАҚ өкілдеріне тиісті аккредитациясы болмаса, ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салынатыны жазылған заң нормасын бұзды деп мәлімдеген. Ал редакция заңгерлері Азаттық қызметкерлерінің аккредитация мерзімін ұзарту бойынша уақытылы берген өтінішін қарауды министрліктің өзі бірнеше айға созып, кейін сол кезеңде кәсіби қызметімен айналысқан журналистерді «қисынсыз уәжбен» аккредиттеуден бас тартқанын айтқан.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы корпорациясының президенті Стивен Капус Қазақстан сыртқы істер министрлігінің шешімі Қазақстан Конституциясына қайшы деп мәлімдеген.

aramedia.kz

aramedia.kz

Соңғы жазбалар

Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

Сот министрліктің өтінішіне орай БАҚ шағымын қарауды тоқтатты

18 сентября, 2025
Геноцид. БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетіне баға берді

Геноцид. БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетіне баға берді

16 сентября, 2025
Шеттің соты Дина Таңсәріні Қазақстанға беруден бас тартты

Дина Таңсәрі өзін Қазақстанға бермеген Черногория сотына алғыс айтты

13 сентября, 2025
Ашаршылық «голодомор» емес екен. Жазу Мәскеудің дегенімен өзгертілді ме?

Ашаршылық «голодомор» емес екен. Жазу Мәскеудің дегенімен өзгертілді ме?

11 сентября, 2025
Көкпардағы даудан кейін ҰҚК-нің мәлімдеме жасауына тура келді

ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы «атыс туралы» мәліметті жоққа шығарды

10 сентября, 2025
Израиль Дохаға шабуылдады. Қазақстан бірден айыптады

Израиль Дохаға шабуылдады. Қазақстан бірден айыптады

10 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.