• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Конституция туралы сөз. Президент экс-президенттің «табандылығын» айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
29.08.2025
-1 Назарбаев. Университеттен экс-президент есімі алынбақ
Share on FacebookShare on Twitter

29 тамызда Конституцияның 30 жылдығына орай сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “табанды еңбегін” атап өтті.

“Конституция туралы айтқанда, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегіне әділ баға беру қажет. Ол Конституция қабылданған кезде мемлекет басшысы ретінде шешуші рөл атқарды,”- деген президент Тоқаев.

Азаттықтың хабарлауынша, Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевты сынағандай болған Тоқаев кейінгі мәлімдемелерінде бірінші президенттің «жағымды қырларын» жиі айтатын болған. Биыл 6 шілдеде Назарбаев 85 жасқа толған шақта оған жіберген құттықтауында Тоқаев бірінші президенттің “тарихи рөліне” тоқталып, оның “жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын” атап өткен.

Жұма күнгі шарада сөйлеген сөзінде Тоқаев 30 жылда “түрлі себеппен Ата заңға 6 рет түзету енгізілгенін” айтып, үш жыл бұрынғы референдум нәтижесінде Конституцияға енген өзгерістерді “ең бастысы” деп атады. Соның нәтижесінде билік тармақтарында тепе-теңдік пен өзара тиімді байланыс орнағанын жеткізді. Бұған қоса, парламентте түрлі саяси партиялардың пайда болуын, аралас сайлау жүйесін атап өтті.

“Биылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін халық тікелей сайлайтын болды. Бұл Орталық Азия аймағында бұрын-соңды болмаған тәжірибе,”- деді ол.

Қазақстанда 1993 жылғы алғашқы негізгі заңның орнына 1995 жылы жаңа Конституция қабылданып, оның өзі алты рет (1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары) өзгеріп үлгерді. 2022 жылы 5 маусымда өткен референдумнан кейін Конституциядағы 33 бапқа 56 толықтыру енгізілді. Өзгерістер 1995 жылы таратылған Конституциялық сотты қайта құру, президентке саяси партияға мүше болуға, ал оның жақын-туыстарына саяси және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу, парламент құрамы мен жұмысы және сайлау жүйесін өзгерту, саяси партияларды тіркеу, өлім жазасына тыйым салу мен жерге меншік түрі секілді мәселелерді қамтиды. Билік бұл өзгерістерді президент билігін әлсіретіп, парламент құзыретін арттыратын реформа деп дәріптеуге тырысты. Алайда сарапшылардың айтуынша, атқарушы билікпен қоса, парламент пен сотты президент толық бақылауында ұстайтын жүйе өзгерген жоқ.

Қазақстанды совет кезеңінен бастап 30 жылға жуық үздіксіз басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы наурызда президент өкілетін мерзімінен бұрын доғарып, өз орнына көп жылғы серігі, сол кезде сенат төрағасы болып отырған Қасым-Жомарт Тоқаевты президент етіп қалдырған. Тоқаев жаңа қызметтегі алғашқы шешімімен мемлекет астанасының атауын бірінші президенттің құрметіне Нұр-Сұлтан етіп өзгерткен. Тек 2022 жылғы Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевтың бірқатар артықшылықтары жойылып, оның жеке басын дәріптеу үрдісі тыйыла бастады, сондай шаралардың бірі ретінде мемлекет астанасына бұрынғы атауы қайтарылған.

Келесі
Қазақстан ШЫҰ аясында су зерттеу орталығын ашуды ұсынды

Қазақстан ШЫҰ аясында су зерттеу орталығын ашуды ұсынды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.