• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
06.08.2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф 6 тамызда Мәскеуде Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриевпен кездескен соң оны Владимир Путиннің қабылдағаны хабарланды. Кездесудің егжей-тегжейі туралы мәлімет тарамады.

Азаттықтың хабарлауынша, Уиткофф Мәскеуге сәрсенбі, 6 тамызда таңертең келген.

Трамп өкілі АҚШ президентінің Мәскеуге қойған ультиматумының мерзімі аяқталатын шақта Ресейге барып отыр. Трамп Ресейден Украинадағы атысты дереу тоқтатуды талап еткен, талабы орындалмаса, ресейлік тауарлар мен Ресеймен сауда-саттық жасайтын елдердің тауарларына жүз пайыздық баж салығын енгізетінін ескерткен.

Сейсенбі күні Трамп журналистерге баж салығы міндетті түрде 100 пайыз болады деп ескертпегенін жеткізді. Оның сөзінше, жаңа шектеу туралы түпкілікті шешім Уиткоффтың Мәскеуге сапарынан кейін қабылданады. Ол Украинадағы соғысты тоқтатудан әлі де үмітті.

«Кейінгі бес айда бес соғысты тоқтаттым. Алтыншысы осы болғанын қалар едім» деген Трамп сейсенбі күні журналистерге.

Вашингтон Мәскеу мен Киевтен атысты шартсыз тоқтатуды талап етеді. Украина президенті Владимир Зеленский мамырдан бері соған дайын екенін айтып келеді. Ресей атысты тоқтату үшін бірқатар шарт қойған, арасында үзіліс кезінде Украинаға қару-жарақ жеткізбеу туралы талап та бар.

Келесі
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

"Росатом" салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.