• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
06.08.2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Иранның Fath 360 баллистикалық зымырандары

Share on FacebookShare on Twitter

Ресей орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын орналастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Қарудың бұл түрі 1987 жылғы келісім аясында шектеліп келген. Бірақ 2019 жылы АҚШ Ресейдің «Искандер» кешеніне арналған зымырандарының бірі келісім шартын бұзады деп, келісімнен шығатынын айтқан.

Мәскеу осыдан кейін НАТО мұндай қаруды орналастырмаған аймақтарға орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымыран кешендерін құрмайтынын мәлімдеген. 2019 жылы Ресей президенті Владимир Путин Батыс елдеріне мораторийге қосылуды ұсынған. Желтоқсанда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл шектеулерді «өміршең емес» деп сипаттады.

Кремль бұған дейін келісім аясында тыйым салынған зымырандардың жаңа түрін әзірлеп жатқанын хабарлаған. Путин бұл жөнінде мәлімдеме жасап, АҚШ Германияға зымыран кешендерін орналастыратын болса, Ресей жауап қатады деген. Берлин америкалық зымырандарды орналастыру мәселесі Ресейдің Украинаға басып кіруінен туғанын, мұны Ресейге төтеп беру амалы деп қарастыратынын мәлімдеген.

Орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандар – баллистикалық және қанатты зымырандар. Олар әдетте ядролық оқтұмсықпен жабдықталып, 500 шақырымнан 5500 шақырымға дейін ұшады. Мұндай зымырандардың нысанаға жақын орналасуы мен ұшу уақытының аздығы қарсы тарапқа ядролық соққыға жауап беруге мүмкіндік бермеуі мүмкін.

Келесі
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.