• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
5 августа, 2025
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

3 тамызда 75 жасқа қараған шағында көрнекті ұшқыш-ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның Халық қаһарманы, Ресей батыры Талғат Мұсабаев дүниеден озды.

1951 жылғы 7 қаңтарда дүниеге келген Талғат Мұсабаев 1994 жылы егемен Қазақстанның алғашқы ғарышкері және ашық ғарышқа шыққан тұңғыш қазақ болды.  Кәсіби мансабында ғарышқа үш сапар жасады, жалпы ұзақтығы бір жылға жуықтады. Сонымен қатар ол 7 мәрте ашық ғарышқа шықты. Талғат Мұсабаевқа дейін ашық ғарышта бір тәуліктен артық уақыт ешкім болмаған, оның жетістігі Гиннесс рекордтар кітабына енгізілді. 

Мұсабаев 2000 жылдардың басында әскери авиация саласындағы жауынгерлік даярлық бөлімін басқарды, Жуковский атындағы әскери-әуе академиясы басшысының орынбасары болды. 2005 жылы Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасын басқарды.

Ол Қазақстанның білім және ғылым министрлігіне қарасты Аэроғарыш комитетінің төрағасы болды. 2007 жылы құрылған Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігін басқарды.

2017 жылдан 2023 жылға дейін Талғат Мұсабаев парламент сенатының депутаты болды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі ұшқыш-ғарышкер, Қазақстанның Халық қахарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты деп хабарлады Ақорда.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

Соңғы жазбалар

Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

Сот министрліктің өтінішіне орай БАҚ шағымын қарауды тоқтатты

18 сентября, 2025
Геноцид. БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетіне баға берді

Геноцид. БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетіне баға берді

16 сентября, 2025
Шеттің соты Дина Таңсәріні Қазақстанға беруден бас тартты

Дина Таңсәрі өзін Қазақстанға бермеген Черногория сотына алғыс айтты

13 сентября, 2025
Ашаршылық «голодомор» емес екен. Жазу Мәскеудің дегенімен өзгертілді ме?

Ашаршылық «голодомор» емес екен. Жазу Мәскеудің дегенімен өзгертілді ме?

11 сентября, 2025
Көкпардағы даудан кейін ҰҚК-нің мәлімдеме жасауына тура келді

ҰҚК қазақ-қырғыз шекарасындағы «атыс туралы» мәліметті жоққа шығарды

10 сентября, 2025
Израиль Дохаға шабуылдады. Қазақстан бірден айыптады

Израиль Дохаға шабуылдады. Қазақстан бірден айыптады

10 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.