• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сара Назарбаеваның ем қабылдап жатқанына үшінші айға айналды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
01.08.2025
Сара Назарбаеваның жағдайы жайлы ресми хабарланды
Share on FacebookShare on Twitter

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның президент іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталіндегі емі одан әрі жалғасуда.

«Науқас емделіп жатыр. Барлық іс-шара медициналық көмектің бекітілген стандарттарына сәйкес және білікті мамандардың бақылауымен өткізіледі», — деп жауап берген госпиталь Tengrinews.kz сауалына.

Сара Назарбаеваның диагнозы мен қазіргі жағдайы медициналық құпия екені айтылады. Медициналық этикаға байланысты жай-күйі ашық жарияланбайды.

Мәліметтерге қарағанда, биыл 5 мамырда Сара Назарбаева ауыр хәлде жатқаны белгілі болды. Кейінірек Сара Назарбаева қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат тарады.

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. Өз тегі — Қонақаева.

1962 жылы Сара Назарбаева Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан. Араға бір жыл салып Дариға есімді қызды дүниеге әкелді. Көп ұзамай Динара мен Әлия Назарбаева дүниеге келді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Сара Алпысқызы қоғамдық жұмыстарда белсенді болды. Елдің «бірінші ханымы» атанды. 1992 жылы «Бөбек» қорын ашты. Кейін «SOS Киндердорф» балалар ауылын ұйымдастырды.

Тоқсаныншы жылдардан кейін Сара Назарбаеваның белсенділігі төмендеді. Алдымен бірте-бірте ресми жиындардан көрінбей кетті. Соңынан ел алдына шығудан қалды. Ал оның жұбайы Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін жазған мемуарында өзінің басқа адаммен көңіл жарастырғанын жариялаған.

Еске салайық, бұған дейін де Сара Назарбаева қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Кейінірек тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.

Келесі
Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.