• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айрылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
26.07.2025
Бауыржан Байбектің аты аталды. Перизат Қайраттың ісі бойынша негізгі сот процесі басталды
Share on FacebookShare on Twitter

25 шілдеде Астананың қылмыстық істер жөніндегі сотында Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім оқылды. Сот Перизат Қайратқа — 10 жыл түрме, анасы Ғайни Алашбаеваға 7 жыл түрме жазасын тағайындады. Бұған қоса, Перизат Қайрат пен анасынан 50 жәбірленушіге 1,5 млрд теңге өндіріп алынады.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қайырымдылыққа жиналған 3,5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырған деген айып тағылған.

Бұған дейін прокурор соттан Перизат Қайратқа — 10 жыл, ал анасына 8 жыл түрме жазасын беруді сұраған.

Екеуі де тағылған айыпты мойындаған жоқ. Сот отырыстарының бір бөлігі жабық өтті.

Жұма күні сотталушылардың соңғы сөзіне ақпарат құралдары жіберілмеді. Журналистер үкімді ғана тыңдай алды. Олар сот залынан бөлек залға орнатылған монитордан үкімді тыңдады.

Сот үкіміне сәйкес, Перизат Қайраттан Vela Village қалашығындағы жеке үй, «Akbulak Riviera», «Sensata Plaza», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер, «Mercedes-Benz S450», «Lexus LX 600» «Mercedes-Benz EQE 500 4 matic», «Haval H6 GT» көліктері, «Rebel Flowers» компаниясының жарғылық капиталы, 97 млн теңге және 22 мың доллар тәркіленбек.

Қорғау жағы 25 шілдеде соттан кейін үкімді апелляцияға беретінін айтты.

Перизат Қайрат 2024 жылдың қараша айында ұсталды. Оған бастапқыда көктемгі тасқыннан зардап шеккен адамдарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден (3 миллион доллардан) астам қаржыны жымқырған деген айып тағылды.

Тергеу болжамы бойынша, ол ақшаға Астанадағы төрт қымбат тұрғын үй кешенінен пәтерлер, Mercedes-Benz S450, Lexus LX-600 және Haval маркалы қымбат көліктер мен басқа да бағалы бұйымдар сатып алынған.

Кейін оған тағы бір айып тағылып, Қайрат Палестинаға көмек ретінде жиналған 200 миллион теңгеден (шамамен 400 мың доллар) астам қаражатты да жымқырған деген күдікке ілінді.

Соттағы сөзінде прокурор айыпталушылар Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева жиынтығы 1 миллиард теңгеден астам ақшаны заңды айналымға енгізіп, мүліктің бір бөлігін үшінші тұлғалардың, соның ішінде туыстарының атына рәсімдеген деп мәлімдеді. Мысалы, Палестина тұрғындарына деп жиналған қаржының бір бөлігі Rebel Flowers гүл саудасы дүкенін сатып алу жолымен заңдастырылған дейді тергеушілер.

Келесі
Қоғамдық қысымнан кейін. Жыланбаевтың түрмедегі суреттері жарияланды

Қоғамдық қысымнан кейін. Жыланбаевтың түрмедегі суреттері жарияланды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.