• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Сыртқы істер министрлігі мен Азаттық арасындағы мәселе сотқа ұласты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
17.07.2025
Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды
Share on FacebookShare on Twitter

Азаттықтың 16 тілшісіне аккредитация бермей қойған Қазақстан сыртқы істер министрлігі бітімнен бас тартты. Бұл жөнінде 17 шілде күнгі бітім процедурасынан кейін Азаттықтың құқығын қорғаған адвокат Лилия Чаусова хабарлады. Бітім процедурасын судья-медиатор өткізген.

«Сыртқы істер министрлік өкілдерінен сот «мәселені бейбіт түрде реттеу мүмкіндігі бар ма?» деп сұраған кезде олар «жоқ, себебі өкілдікте істейтін журналистер ереже бұзғаны анықталды» деді» дейді Лилия Чаусова.

Оның сөзінше, СІМ жағынан сотқа екі өкіл қатысқан. Бітім процедурасы ұзақ созылмаған. Істі судья Алпысбаева қарады. Енді іс сот қарауына жөнелтіледі.

Бұған дейін Азат Еуропа/Азаттық радиосы — Қазақстан өкілдігі (RFE/RL-Қазақстан) сотқа арызданып, Азаттық тілшілеріне аккредитация бермеген немесе аккредитация мерзімін ұзартпаған Қазақстан СІМ-нің шешімін заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған еді. Заң бойынша, тараптарға сот басталмай тұрып бітімге келулеріне мүмкіндік беріледі.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұған дейін жіберген жауабында «Азаттық қызметкерлері тиісті аккредиттеусіз жұмыс істеді» деп айыптаған еді. Бірақ Азаттық мұнымен келіспеген. Азаттық Қазақстан заңы талаптарын орындай отырып, аккредиттеу туралы өтінішті алдыңғы мерзім аяқталардан екі ай бұрын, яғни уақтылы бергенін, бірақ министрлік нақты себебін айтпастан, өтінішті қарау мерзімін тағы екі айға ұзартқанын айтқан еді.

Аккредитация ала алмаған қызметкерлер арасында Азаттықтың Қазақ қызметінің, «Азаттық Азия» орыстілді редакциясының және «Настоящее время» телеарнасының тілшілері, редакторлары мен операторлары және Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы да бар.

«Құқықтық медиаорталық» заңгері Гүлмира Біржанова министрлік өтінішті қарауды себепсіз ұзарту арқылы журналистердің құқықтары шектелетін жағдайды қолдан жасады деп отыр деп санайды.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Стивен Капус Қазақстан сыртқы істер министрлігіне бұл шешіміне алаңдаушылық білдірген.

Азаттық тілшілеріне аккредитация бермеуді «Журналистерді қорғау комитеті» де айыптап,Қазақстан билігін тілшілердің еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге шақырған.

Былтыр қаңтарда да Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азат Еуропа / Азаттық радиосының 36 журналисіне аккредитация беруден бас тартқан еді.

Былтыр 30 қаңтарда Азат Еуропа/ Азаттық радиосы бұл шешімге наразылық білдіріп, сотқа жүгінген. 30 сәуірде Азат Еуропа / Азаттық радиосы (АЕ/АР) мен Қазақстан сыртқы істер министрлігі тілшілердің аккредитациясы мәселесі бойынша келісімге келген. Бұдан соң Азаттық тілшілеріне 6 айға аккредитация берілген еді.

2024 жылғы 20 желтоқсанда шетелдік ақпарат құралдарының өкілдіктері мен журналистерін аккредиттеу ережесі өзгерді. Жаңа ережеге сәйкес, енді шетел ақпарат құралдары өкілдіктері аккредитациясы бұрынғыдай мерзімсіз емес, бес жылға беріледі. Шетелдік БАҚ тілшісінің ұрақты аккредитация мерзімі екі жылдан бір жылға дейін қысқарған. Ал уақытша аккредитация үш айға беріледі. «Журналистерді қорғау комитеті» (Committee to Protect Journalists, CPJ) сыртқы істер министрлігінінің аккредиттеу тәртібіне алаңдаушылық білдірген.

«Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымының дәстүрлі еркін сөз рейтингінде Қазақстан 180 елдің арасында 141-орында. Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халықаралық ұйымдардың бағалау әдістері әртүрлі болатынын, елде еркін баспасөздің дамуына жағдай жасалғанын айтады.

Келесі
Қариннің қызметі қысқарып, Тоқаев қайта сайлана ма?

Қариннің қызметі қысқарып, Тоқаев қайта сайлана ма?

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.