• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Бауыржан Байбектің аты аталды. Перизат Қайраттың ісі бойынша негізгі сот процесі басталды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
14.07.2025
Бауыржан Байбектің аты аталды. Перизат Қайраттың ісі бойынша негізгі сот процесі басталды
Share on FacebookShare on Twitter

14 шілдеде қаржы жымқыру және алаяқтық баптары бойынша айып тағылған Biz Birgemiz Qazaqstan қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша негізгі сот процесі басталды.

Азаттық радиосының хабарлауынша, судья Кәрімов айыпталушылардың сот тергеуі барысында олардың берген жауабын, түсіндірмелерін тыңдағанда, оған қоса айғақ-дәлелдерді зерттеу кезінде БАҚ-ты қатыстырмауды сұрап берген арызын қанағаттандырғанын хабарлады. Өйткені жеке басқа қатысты мәліметтер қаралған кезде құпиялығын сақтауды заң талап етеді деп түсіндірді судья өз шешімін.

Сондықтан БАҚ өкілдері – журналистер мен операторлар процесс барысын сот ғимаратындағы баспасөз орталығынан монитордан көретін болады.

Дүйсенбі күні Перизат Қайраттың ісі бойынша негізі сот процесі басталғанда мемлекеттік айыптаушы Мәдина Оразалина айыптау актісін оқыды.

«Перизат Қайрат «Біз біргеміз» акциясының халық арасында кеңінен қолдау тапқанын біле отырып, азаматтар мен заңды тұлғалардың қайырымдылыққа деп аударған қаражатты алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен иемденуді көздеген қылмыстық ниетпен әрекет етті. Қайрат Перизаттың қылмыстық жоспары – халық арасында танымал болған «Біз біргеміз» ұранын пайдаланып, осы атаумен қоғамдық бірлестік құру болған», – деді прокурор.

Оның сөзінше, Перизат Қайрат қоғамдық бірлестіктің банктегі шоттарын өзі мен анасы – Ғайни Алашбаеваның атына ашып, «азаматтардың көмекке мұқтаж адамдарға қайырымдылыққа деп берген қаражатын жеке бас пайдасына жаратуды мақсат еткен» және «қылмыстық жолмен алынған табысты туыстары мен сенімді адамдардың көмегімен заңдастырып, ақшаның шығу тегін жасырған».

Дүйсенбідегі сот процесі кезінде Перизат Қайрат өзіне тағылған ақша жымқыру және алаяқтық айыптарын прокурорлардың қиялынан туған деп атап, мойындамайтынын мәлімдеді. Ол соттан әуелі Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорының құрылтайшыларынан жауап алуды талап етіп, бұрын биліктегі NurOtan (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің аты-жөнін атаған.

«Айыптау актісінің бірінші абзацынан бастап мені анаммен бірге қор құрды, құрылтайшылардың қолын қолдан жасады деп айыптайды. Бірақ бұл қор партия жанында, Байбектің басшылығымен құрылған. Құрылтайшылардың бәрі – партияның қазіргі немесе бұрынғы қызметкерлері. Сондықтан бұл мәселенің басын ашу үшін Бауыржан Байбектің өзінен жауап алынуы керек», – деген Перизат Қайрат.

Айыпталушы Ғайни Алашбаева да қызының сөзін қолдап, қорға өзінің еш қатысы жоғын айтты.

Осы іс бойынша 9 шілде күні өткен алдын ала сот тыңдауында Перизат Қайрат өзі қамауда отырған тергеу абақтысы қызметкерлері «күш көрсетті» деген мәлімдеген еді. Оның сөзінше, «мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, денесіне жарақат түсірген».

Қайраттың бұл мәлімдемесі прокуратураға жолданып, Астана қаласының полиция департаменті Қайраттың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды және тиісті сараптама тағайындалды деп хабарлады.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, тергеу аясында қамау мекемесінің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттеліп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынған.

«Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша, П.Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған П.Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр», – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті 10 шілде күні.

Перизат Қайрат былтыр қараша айында ұсталған. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегіне сәйкес, күдікті Астанадағы төрт элиталық тұрғын үй кешенінен пәтерлер, сондай-ақ Mercedes-Benz S450, Lexus LX-600, Haval маркалы автокөліктер мен қымбат бұйымдар сатып алған. Кейін оған қосымша, Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсетуге жиналған 200 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Перизат Қайрат тергеу кезеңінде екі айға қамауға алынып, кейін оның мүлкі бұғатталды.

Айыпталушылар тарапы олардың тағылып отырған айыппен келісетіні не келіспейтіні жайлы ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.

Келесі
Түркі елдерінің курорттары одағы алғашқы саммитінде басым бағыттарын жариялады

Түркі елдерінің курорттары одағы алғашқы саммитінде басым бағыттарын жариялады

Соңғы жазбалар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

21 марта, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

19 марта, 2026
Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

Биліктің әрекетін әшкерелеген. Конституцияға қарсы белсенді Боқаев ұсталды

18 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлауға кедергі» деген белсенді референдумнан соң үйқамаққа шықты

17 марта, 2026
Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

Жаңа Конституция мақұлданды деп жарияланды. Басқа не жаңалық?

16 марта, 2026
«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

«Қос билік сабақ болды…» Референдумда Тоқаев Иран президентін сынап, Қазақстанның қателігін айтты

15 марта, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.