• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Тоқаевқа хат. Трамп бірнеше елдің өніміне баж салығын салғанын хабарлады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
8 июля, 2025
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар елдің басшыларына ресми хат жолдап, 2025 жылдың 1 тамызынан бастап осы елдерден әкелінетін тауарларға жаңа импорт баж салығы енгізілетінін хабарлады. Трамп осы хаттардың көшірмелерін Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Азаттық радиосының хабарлауынша, мұндай хаттар Жапония, Оңтүстік Корея, Қазақстан және Малайзия елдері басшыларына жіберілген. Бұл елдерге баж салығы – 25% мөлшерінде, Лаос пен Мьянмаға – 40%, ал Оңтүстік Африка Республикасына – 30% көлемінде белгіленген. Ақ үйдің хабарлауынша, жалпы осындай мазмұндағы хаттар 10-нан астам елдің басшыларына жолданған.

Сонымен қатар, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левит президент Трамп сауда келісімдеріне қол жеткізу мерзімін 9 шілдеден 1 тамызға ауыстыру жайлы жарлыққа қол қояды деп хабарлады. Бұл келісімдер АҚШ тарапынан баж салығының өсуіне жол бермеу үшін маңызды.

Әлеуметтік желіде көшірмесі жарияланған хаттарда Трамп АҚШ-тың өзге елдермен сауда жасауға мүдделі екенін мәлімдеп, қазіргі сауда қатынастары АҚШ-қа тиімсіз екенін айтқан. Президент 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін баж салығының мөлшерін хабарлап, бұл көрсеткіш болашақта АҚШ пен тиісті ел арасындағы қарым-қатынасқа байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескерткен.

7 шілде күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт президент Трамптың сауда келісімдері бойынша соңғы мерзімді 9 шілдеден 1 тамызға ауыстыру туралы жарлыққа қол қоятынын растады.

Биыл қаңтарда АҚШ президенті лауазымын атқаруға кіріскеннен кейін Трамп шет мемлекеттерге жаңа баж салығын енгізетіні немесе енгізуге ниетті екенін бірнеше рет мәлімдеген. Ол мұндай шешім АҚШ басқа елдермен саудада есе жіберіп отырғандықтан қабылданады деп түсіндіріп, сол елдердің жүргізіп отырған сауда саясаты Америкаға тиімсіз деп мәлімдеген.

Сәуір айының басында Трамп АҚШ-пен сауда-саттық жасап отырған көптеген елге 10% мөлшерінде баж салығын енгізіп, кейбір мемлекеттерге базалық мөлшерлемеге қосымша үстемелер белгілеген. Бірақ бір аптадан соң, АҚШ үкіметі басқа елдермен сауда келісімдеріне қол жеткізу мақсатымен әлгі шешім 9 шілдеге дейін күшіне енбейді деп хабарлаған. Қазіргі кезге дейін АҚШ ондай келісімді тек Ұлыбританиямен және Вьетнаммен жасасқан, Қытаймен де бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілген. Еуропа одағымен келіссөздер жалғасып жатыр, Reuters дереккөздерінің хабарлауынша, Трамп әзірге Еуроодақ басшылығына баж салығы жайлы хат жіберуді жоспарлап отырған жоқ.

Трамп сондай-ақ Бразилияда өткен БРИКС саммиті жөнінде пікір білдіріп, егер бұл бірлестік мүшелері «антиамерикалық» саясат жүргізетін болса, оларға қосымша 10% көлемінде баж салығын енгізетінін ескертті. БРИКС құрамына Ресей де кіреді, алайда бастапқы баж салығы туралы хабарландыруда бұл ел аталмаған. Ақ үй мұның себебін АҚШ қазіргі санкцияларға байланысты Ресеймен сауда-саттық жасап отырған жоқ деп түсіндірген.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
-1 Назарбаев. Университеттен экс-президент есімі алынбақ

-1 Назарбаев. Университеттен экс-президент есімі алынбақ

Соңғы жазбалар

«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

26 сентября, 2025
Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

Соттала беретін Саркози тағы да бес жыл жазаға кесілді

26 сентября, 2025
Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

Президент Қазақстанның Киев пен Мәскеу арасына араағайын емес екенін айтты

24 сентября, 2025

24 сентября, 2025
Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

Митингіні қуып таратушы полицей Жамбылдағы қызметінен де босады

23 сентября, 2025
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

4 миллиард долларлық сауда. Трамп Тоқаевты құттықтады

23 сентября, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.