• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Иран-Израиль қақтығысына АҚШ араласты. Тегеранның жауабы қандай болмақ?

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
22 июня, 2025
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ Иранның ірі үш ядролық нысанын бомбалады. Халыққа үндеуінде АҚШ президенті Дональд Трамп «Иран бейбіт келісім жасауы керек» деп мәлімдеді. Иран да «өзін қорғау» мақсатында жауап беруге құқығы барын мәлімдеді.

Азаттық радиосының хабарлауынша, 22 маусымға ауған түні АҚШ әуе әскери күштері Фордо, Натанз және Исфахандағы ядролық нысандарға шабуыл жасаған.

“Бомба негізгі нысан Фордоға тасталды,”- деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Америка әуе әскери күштері Иранның ірі үш ядролық нысанын бомбалағаннан кейін екі сағаттан соң халыққа үндеу жасаған АҚШ президенті Дональд Трамп бомбалауды “керемет табыс” деп атады.

Оның сөзінше, — Фордо, Натанз, Исфахан – “керемет әскери табыстың” нәтижесінде “толық жойылған”.

«Енді Иран бейбіт келісім жасауы керек» дейді ол. Иранда соққылайтын тағы нысаналар қалғанын атап өтіп, әрі қарайғы шабуылдар бұдан да тегеурінді және оңай болады деді.

Трамп АҚШ пен Израиль әскеріне алғыс айтып, АҚШ “терроризммен күрес үшін ұзақ уақыт мұндай шараларға жүгінбейтін болар” деп үміттенетінін жеткізді.

Трамп үндеу кезінде Тегерандағы биліктің ауысу ықтималдығы туралы тіке айтқан жоқ. Есесіне, Иран келіссөз үстеліне отырған жағдайда операция аяқталады деп санайтынын меңзеді.

АҚШ аймақта әскери күштері мен құралдарын көбейткенін алға тартқан Трамп Вашингтон тиісті жағдайда жылдам қимылдауға дайын деді.

Оның үндеуі бірнеше минутқа созылды. Үндеу кезінде оның жанында вице-президент Джей Ди Вэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен қорғаныс министрі Пит Хегсет тұрды.

Дереккөздерге сүйенген америкалық Fox News арнасы жер астында орналасқан Фордо нысанына шабуыл кезінде АҚШ GBU-57 ауыр бомбасын пайдаланғанын хабарлады. Бомбаны америкалық көзге түспейтін B-2 стратегиялық жойғыш ұшағы тастаған. Әрбір ауыр бомбаның салмағы 13 тоннадан асады.

Иранның Исфахан мен Натанздағы ядролық нысандарына шабуылға шамамен 30 Tomahawk қанатты ракетасы қатысқан, олар «Огайо» сүңгуір қайығынан ұшырылған.

Халықаралық ақпарат агенттіктерінің жазуынша, Америка әскері Иранның үш ядролық нысанына соққы жасағаннан кейін Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен. Шабуыл алдында АҚШ Ирандағы нысандарға соққы жасайтынын Израильге хабарлаған.

Иран да Фордо, Натанз және Исфахандағы ядролық нысандарға соққы жасалғанын растады.

“Бірнеше сағат бұрын Құмда әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі іске қосылып, Фордо ядролық нысанының бір бөлігіне шабуыл жасалды,” — деді Құм провинциясындағы дағдарысты басқару штабының баспасөз хатшысы.

Исфахан провинциясындағы ресми тұлғалар да “Исфахан мен Натанздегі ядролық нысандарға қарсылас шабуыл жасағанын” мәлімдеді. Мұны Иран мемлекеттік телеарнасына сүйенген AFP жазды.

Ядролық нысандардың қаншалықты бүлінгені белгісіз. Иран ақпарат құралдарының жазуынша, Фордо жер астында – 90 метр тереңдікте жатыр және Америка авиациясының соққысына төзімді.

Иран да, МАГАТЭ де АҚШ соққылаған ирандық ядролық нысандардан жоғары радиация тіркелмегенін хабарлады.

Бұған дейін Иран Америка соққы жасаса, жауап беретінін ескерткен. Иран сыртқы істер министрі Аббас Ирақчи 22 маусымда X желісінде БҰҰ жарғысын алға тартып, Иранның жауап қайтаруға заңды құқығы бар деп мәлімдеген.

«Бүгін таңертеңгі оқиға — бассыздық және оның салдары ұзаққа созылмақ. БҰҰ-ның әрбір мүшесі мұндай қауіпті, заңсыз, қылмысқа алаңдауы керек. БҰҰ жарғысы және оның өзін-өзі қорғау ережелеріне сәйкес, Иранның өзінің егемендігін, мүдделері мен халқын қорғауға құқығы бар» деп жазды Иран сыртқы істер министрі Аббас Ирақчи X желісінде.

Иран атом энергиясы жөніндегі агенттік АҚШ-тың ядролық нысандарға соққысынан кейін уран байытуды доғармайтынын мәлімдеді.

Reuters агенттіктің мәлімдемесінен үзінді келтірді. Онда Иран “елдің өнеркәсіптік дамуын тежеуге жол бермейді” деп жазылған.

Агенттік АҚШ шабуылын халықаралық құқық пен ядролық қаруды таратпау туралы келісімді бұзу деп атап, МАГАТЭ-ні “салғырттығы үшін” айыптаған.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Иран-Израиль қақтығысынан қаза тапқандар мен жараланғандар саны артты

Мемлекеттігін мойындамайтын елмен мәміле. Иран мен Израиль бітімге қадам басты

Соңғы жазбалар

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

5 августа, 2025
Сара Назарбаеваның жағдайы жайлы ресми хабарланды

Сара Назарбаеваның ем қабылдап жатқанына үшінші айға айналды

1 августа, 2025
«Әуежайды басып алу ісімен» сотталған Әйгерім Тілеужанның микро-инсульт алғаны хабарланды

Әйгерім Тілеужанның 1 жыл 7 айы қалды. Депутат жағдайын білді

31 июля, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.