• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Израильге қарсы соққымен жауап берген Иран қақтығысты тоқтатпақ

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15 июня, 2025
Израильге қарсы соққымен жауап берген Иран қақтығысты тоқтатпақ
Share on FacebookShare on Twitter

Иран сыртқы істер министрі Аббас Ирақчи 15 маусымда егер Израиль соққыны доғарса, сәйкесінше Тегеран Израильге де соққыны тоқтататынын мәлімдеді.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Ирақчи Иран қақтығыс өзге аймақтарға жайылғанын қаламайтынын және “өзін қорғау мақсатында” ғана қимылдайтынын айтқан.

Ол Вашингтонды Израильге соққы жасауға көмектесті деп те айыптады. Оның сөзінше, соққының мақсаты – Иранның ядролық бағдарламасы туралы келіссөзді үзу болған. Оманның араағайындық етуімен өтіп жатқан Иран-АҚШ келіссөзі жексенбі күні жалғасуы керек болған, бірақ Иран одан бас тартты.

Иран сыртқы істер министрі АҚШ-ты Израильдің әрекетін айыптауға шақырып, Тегеран Иранның ядролық қаруға ұмтылмайтындығы жөнінде келісімге дайын екенін білдірді. Бірақ Ирақчидің сөзінше, бұл келісім Иранды «ядролық құқықтан» айырмауы керек.

Президент Дональд Трамп бұған дейін АҚШ-тың Израиль шабуылына қатысы жоғын айтқан, бірақ Тегеранды ядролық келісімге тезірек қол қоюға шақырған. АҚШ келіссөз барысында Иран уран байытуды тоқтатуы керек деген талап қойған.

Германия сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль жексенбі күні Германия, Франция мен Ұлыбритания жағдайдың онан сайын ушығуына жол бермес үшін дереу Иранмен ядролық бағдарлама бойынша келіссөзді бастауға дайын екенін айтқан. Ол сонымен бірге соғыстың аяқталуы екі жаққа байланысты екенін жеткізген.

Иранның жақын арада ядролық қару жасайтыны туралы мәлімдеген Израиль 13 маусымда Ирандағы нысандарға соққы жасаған, арасында ядролық нысандар да бар. Шабуыл кезінде нақты соққының соңынан Иран әскерінің бірнеше жоғары лауазымды тұлғалары опат болды. Ядролық қаруға қатысы бар делінген бірнеше физик ғалым да өлтірілді. Иран бұған қарымта жауап қайтарған. Жұмадан бері екі жақ бір-біріне соққы жасап жатыр. Екі жақтан да қаза болғандар мен жараланғандар бар.

Келесі
Иран-Израиль қақтығысынан қаза тапқандар мен жараланғандар саны артты

Иран-Израиль қақтығысынан қаза тапқандар мен жараланғандар саны артты

Соңғы жазбалар

Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

7 трлн теңге туралы жыр. Мәлімет Ақорда сайтынан бастап өзге де сайттардан өшірілді

29 января, 2026
Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

Қилы кезең: Депутаттар қырқысы. Нұрқаділов неге Назарбаевты қолдады?

28 января, 2026
Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

Тағы да бір сарбаз «өз оғынан» қаза тапты

27 января, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

25 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.